Атырау-Алматы-Гарлем-Манхеттон!
Біз неге Америкадағыдай не Еуропадағыдай ғұмыр кешпейміз? Утопиялы емес, бірақ, мейлінше, соған жақын. Әйтеуір, бізге солай көрінеді ғой. Скептиктердің өздері осы сұраққа, жоқ дегенде, туәлетте отырып болса да ойланған шығар. Аз ғана уақыт дегенім ғой. Ал, мен сияқты, идеалистерге бұл – ғұмырлық азық. Әрбір «салиқалы әңгіме» айтылатын ортада шексіз полемикаға түсетін…
Жә, скептиктер өзіне оңтайлы, кім-кімнің алдында да дәлелдеп бере алатын өз тұжырымын жасап алған шығар. Ал, мен сияқтылар ше? Анадан бір, мынадан бір оқығаныңның бәрін, тәптіштеп, осы тақылеттес тақырыпқа айтылған әр ғылым өкілінің тұжырымын өз ракурсыңнан бір өлшеп көресің. Келед. Кейде, келмейд. Сосын, оны наққа жібересің. Жалпы, осы бір ойды дегенім. Тамақ ішесің. Ұйықтайсың. Арақ ішесің. Мас боласың. Таңертең өз-өзіңді боқтайсың. Бас жазасың. Рахаттанасың. Осы кезде кешегі ой қайтып келед: Неге біз Америкадағыдай күн кешпейміз, а?
Бірде осы сұраққа жауап таптым: біздің Америка не Еуропа елдері секілді бола алмайтын себебіміз – біздерде орта тап жоқ. «Пішту» деуге асықпай тұра-тұр. Сенің айтпағың: «олар дамығандықтан да оларда орта тап пайда болды» ма? Пішту!
Енді, осы мен дегізген ойыңа Сэй заңы бойынша қарап көрші. Көрдің бе? Ия, ия, менің де айтпағым сол: қоғамдағы кез-келген құндылықты қалыптастыратын орта тап. Оған дейін толықтай «беспредел» – дөп Қазақстан.
Мәселен, заң дейік. Сеніңше, сіңірі шыққан кедейге оның қажеті бар ма? Ия, мысалы, Нью-Йорктың «Гарлеміндегі», не Париждің «13-ші ауданындағы»? Ал, сол Манхеттондағы кеңсесінің қабылдау бөлмесінде лоббистер кезек күтіп отыратын мес қарын байға ше? Заң – орта табы орныққан қоғамда ғана толық мағынасындағы реттегіш құрал ретінде қауқарлы. Басқа да қоғамдық құндылықтардың да парқы осы.
«Сонда, біз елу елдің қатарына қашан кіреміз?» деген, «цинизмді» не «наивный» екенін айырып білу қиындап кеткен сұраққа жауап іздейік.
Ол былай: Бізде «13-ші район» қашан орнайды, сонда. Сонда ғана, байлардың Құдай болам деп жүргені болмаса, қалғандары проблемаларын, былайша, заңмен шешуге мәжбүр болады.
Міне, мәселе осыда, сол уақыт келгенде біз қайда боламыз: «13-ші районның» ішінде ме, сыртында ма? Әйтпесе, Америкадағы сол Гарлемдегі қоғамдық құныдылықтар Атыраудағыдан не Алматыдағыдан артық деп пе едіңіз?!

Шаңырақ, Бақайдың “13-ші районнан” не артықшылығы, я кемшілігі бар? Бізге керегі аудан болса, ол бар. Енді бір тарихи сәттің сынамасы туады. Ол күн де жақын қалды. Сәл шыдайық
Өркен
Маусым 5, 2010 at 6:45 pm
[...] Нұрберген Мақым соңғы жазбасында “Біз неге Америкадағыдай не Еуропадағыдай ғұмыр [...]
Neweurasia – Kazakhstan » #1 Қазақ блогтарындағы ұлттық тақырыптар
Маусым 10, 2010 at 5:34 pm
[...] Nurbergen Makym develops [KAZ] his thoughts around the question “Why don’t we live as in America or Europe?” He comes [...]
neweurasia.net » Kazakh blogs on national issues
Шілде 13, 2010 at 4:35 pm