КОМИК(С)№2
БІР АКТЕР ТЕАТРЫ
Көптен бері ештеңе жазбағам. Бұ жолы да мардымды ештеңе жаза алмаспын. Бүгін Салтанат екеуіміз бір тақырыпқа пікір-таластырғандай болдық – не тақырып екені, қай ракурстан қарағанымыз маңызды емес. Шыққан қорытынды да, әркімнің өз ойында – тақырыпқа қатысты/қатыссыз – маңызды емес. Маған келген ой…
Біз – қалай түсінгіңіз келсе, солай түсініңіз – соңғы кез тым эгоист болып барамыз.
Адамның қоғам алдындағы міндеті секілді әңгімені әсте қозғағым кеп отырған жоқ. Құдайдың алдындағы парыз да, сол сіздің эгоизм деңгейінде шешілетін мәселе.
Менің, айтқым кеп отырғаны – эмпаттық этос. Біреудің көңілін түсінбек түгілі, біз оны түсінуге де тырыспаймыз. Тіпті, түсінгіміз келмейді. Қазір, қарапайым диалогтан да “тұтынушылық қоғам” реңтерін байқауға болады – кез-келген әңгіме, алдымен біздің сұранысымызды қанағаттандыруы қажет. Әм, біздің ойымыз да, ақырғы ақиқат – бұл енді, физиус шығар. Оны… Мәселен, Ұлы Отан соғысын “Кеңес-Герман” соғысы деп жүргендерден анық байқауға болады – Шыңғысхан, олар үшін – қазақ!
Мен – ретроград шығармын, бәлкім, алайда, біз патриархалды тұрмыстың – қарапайым ғана идиллияның қызығын сезіну қасиетінен адалана бастағандаймыз. Біз үшін: өмір-күрес, адам-жау,өзім-батыр! Мейлі, бұл өмір желдиірмен болса да…
P.S. Рахмет, Салтанат)))

Ричард Докинздің Эгоистичный ген деген кітабын оқы(шы).
ken
Қыркүйек 3, 2010 at 12:18 am