позитиффті позиция!
Пост жазбағалы көп болыпты. Ит-тірлік қой баяғы. Бұ қу дүнияның күйбеңі бітуші ме ед, тәйірі… Бірақ, соңғы кездегі перспективалар сағымы, есек аяң жүрісіме кішкене қарқын қосуға сеп болған-тын.
Қоғамдық бірлестігіміздің сайтын ашу, облыстық пікір-сайыс турнирін ұйымдастыру, радиоға жаңа жобалар жазу – қарбалас тірлік. Қайбір кезі өзіңнің жердегі миссияңды (әркімнің өзінше тәпсірлейтін осы тұрғыдағы ұстанымы бар ғой, сол ракурстан қарай салыңыздар, бұған) ұмыттыратын, тәуліктің 24 сағаты жетпейтін, проблемасынан проблема туындайтын жұмыстар ұнайды екен өзіме. Соңғы уақытта осыны анық ұқтым.
Сәл саябыр тапқандай сап көңіл. Қызық күй. Рухани «оргазм» ба, оЧм, сондай…


Сәл саябыр тапқандай сап көңіл…
иә,көңіл бірде олай, бірде былай келеді ғой…әр өткен күнің бір тарих…
Тоты
Қазан 8, 2010 at 4:29 pm