Унитазда мәнерлеп сырғанау – 9.0
Бүгін Азиада алауының эстафетасы Атырау арқылы өтіп барады. Дұрысында оны Приозерскке не Семейге жіберу керек еді. Және оны қарапайым халықтың эстафетасы етіп: бірі – мұз қатқан унитазын жылытып алса, бірі – сол алауға тамақ пісіріп алар еді, ал, үшіншісі үшін бұл көңілге бір демеу болар еді. Әйтпесе, Атырауда табиғат райы ертең көктемгі реңк: әрі кетсе, 5 градустық аяз. Әлгілермен салыстырғанда алаудың қадірін біле қояр ма екенбіз, дегенім ғой…
Ақ Олимпиада дегенде еске Ванкувердегі Ақ Олимпиадаға қатысты көп сын айтылғаны еске түседі: біреу кекетті, біреу ұрысты – «олар жеңімпаздар алқасын қалдық металлдардан жасапты», «спортшыларға арналған тұрғын жайларды да қалған-құтқан материалдан салыпты-мыс». Қойш, әйтеуір, өздерін ғана ойлайтын эгоист халық екен бір. Бәсе, газет-жорнал, ТВ, тіпті, интернеттегі оны-мұны жаңалықтардан да олар туралы неғып естілмейді дейміз-ау.
Сібет жоқ, жылу жоқ, зато, халықаралық дәрежедегі абырой бар. Дамыған елдерден бір қалар емеспіз. Біразел ма, Аустралия ма, Алмания ма – қайсысында су тасығаны?! Бізде де тасып жатыр, нақ! Ия, канешн, бұл – ол елдердегідей табиғаттың тәбәрігі – сюрпраиз емес, но, бірақ, тожы, бір ауылды басып кетті. Қалай деуші еді, әлгі: сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңмен жасаған сыйлық па?!
А, исчо, Суданда референдум өтті, Тунисте революция…

Семейді жолдан тапқан ба дегендей-ақ.. Қызық солар, үйлері ол, қатып жатыр. Ал бұлар болса референдумға қол қойып әлек.
Ақзере
Қаңтар 17, 2011 at 9:32 pm
Ол Ерлан Сыдықов сияқты пысықайлар ғой!
Daniyar
Қаңтар 17, 2011 at 10:21 pm
Кеше тв-дан көрсетті масқара оғарыдағы қос қала қатып жатыр. Әсіресе төсекке тонмен жатып жатқан үлкен кісіні көргенде бүйткен халықаралық дәрежедегі пиарың құрсын дегің келіп кетеді екен. Шынында да алауды апару керек ед немесе Елбасын.Бар проблемасы шешіліп қалар еді.Өткенде бір досым бебетін безеу басп кеткен бір танысына сенің бетіңнен алауды алып немесе Елбасын жүргізіп өту керек екен, жергілікті әкімдер тазалап тастар еді деп қалжыңдеп еді.
Erbol
Қаңтар 17, 2011 at 10:54 pm
“Атың шықпаса,жер өртенің кері…” біздің елдегі ағаларымыздың ұраны…
Тоты
Қаңтар 17, 2011 at 11:05 pm
150 ДЕПУТАТТЫҚ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАЛТАДАҒЫ 20 ШТУК СИГАРЕТ ПАРЛАМЕНТТЕЙ ПАЙДАСЫ МЕН ҚАДІР БОЛМАЙ КЕТТІ.
Gali
Қаңтар 18, 2011 at 12:32 am
Тунистің осы уақытқа дейінгі тарихын қарап едім. Құдды бір таныс бір ел туралы оқып отырғандай болдым. Аумайды-ау, аумайды…
urimtal
Қаңтар 18, 2011 at 5:16 am
Как это по Мақымовски! )))
technosyndrom
Қаңтар 20, 2011 at 6:46 am
[...] әбден үйренген. Блоггерлердің ішінде ол жайлы Нұрберген қағытып өткен болатын… Қай тоңғанымызды айтып, [...]
Соңғы аяз – «Соңғы вальс»… « Ұшырсам сені көгіме!
Ақпан 21, 2011 at 11:02 pm
Қатырып жіберіпті. Тақырып шақырып тұр!
Жүрек СӨЗІ
Наурыз 24, 2011 at 7:25 pm