Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Аударма. Этгар Кэрет. Ит.

leave a comment »

Этгар КэретЭтгар Кэрет (1967 жылы Израилдің Рамат-Ган қаласында дүниеге келген) әдеби қызметін 1991 жылы газетке арналған мақалалары мен театр қойылымдарының сценарийлерінен бастаған. Соңғы жылдары Тель-Авив университетінің жанындағы Кинематография мектебінде сабақ береді, сценарийлік шеберлік бойынша шетел университеттерінде дәріс оқиды және кино және теледидарға сценарийлер жазады. Кэрет, Израилде бестселлерлер тізімін бастаған төрт әңгімелер жинағының авторы, олар: «Құбырлар» (1992), «Киссенджерге деген менің сағынышым» (1994), «Кнеллер лагері» (1998), және «Мен – сол…» (2002).
Бұл таланты прозаиктің кітабы әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Соның ішінде, қытай және хинди тіліне тәржімаланған. Израиль әдеби сыншылары соңғы кезде жас әдебиетшілер арасында Кэтерге еліктеп жазушылардың көбейгенін айтады.

ИТ
(әңгіме)
«Жесір». Бұл сөз оған ұнайтын; иә, ұнайтын, алайда сонымен қоса, ол бұдан ұялатын да, бірақ біздің құмарлығымыз – бізге бағынбайтын сезім болса, амал бар ма? «Бойдақ» оған қашан да бейнебір шығандаған өзімшіл, гедонист көрінетін, ал, «ажырасқан» адам – жеңіліс тапқан, әйтпесе, мүлдем, пақыр кісі…
Тіпті, бұл пойыздағы кофенің өзі, Гиватаимнан табуға болатын кез-келген нәрседен үш деңгейге артық еді. Айтатын несі бар, іс талғамға шапқанда бұл француздар, әкелерінің аузын, бәр-бәрін шаң қаптырады. Марсельде болған бір аптадан соң, мұның шалбарының түймесі де салынбай қалды. Захава оның тағы да бола тұруын сұрады. «Осынша қайда асығасың?» – деген болатын ол. «Енді қайда асығасың? Шешем өлді, ал сен зейнеттесің. Сен мүлдем жалғызсың ғой». «Жалғыз» және «зейнетте» – осы екі сөзде бұл үшін демалыс сезілетіні соншалық, қызы бұларды айтқанда, оның тіпті, көңілі толқып қоя берді. Дүкендегі жұмысын ол аса ұната қоймайтын еді ғой, ал Халинаны ше? Оған деген үйреншікті сезім болды, әрине, бірақ, олардың аядай жатын бөлмелеріндегі ағаш шкаф секілді, ол да көп орын алатын, сол себепті, оның қасында басқа ештеңеге де орын жоқ-тын. Оның өлімінен соң да, ол ең алдымен ескі-құсқы жинаушыны шақыртып осы шакфтан арылды. Шкафтың үшінші қатардан арқанмен түсіріліп жатқанын қадала қарап тұрған көршілеріне ол, бұл шкафтың оған сол трагедияны еске түсіретінін түсіндірді. Трагедия. Енді, шкафсыз бөлме кеңейіп, әлдеқайда жарығырақ бола түсті. Шкаф тұрған бірнеше жылдың ішінде ол тіпті, оның артында терезе бар екенін де ұмытыпты.
Вагон-ресторанда оған қарама қарсы жетпістер шамасындағы әйел отырды. Оның қасында, подностарға арналған арбашада отырған, – талғаммен тігілген көгілдір свитер киген – кішкентай пудель. Пудель оған етене таныс көзімен қадала қалды. «Халина?» – деген ойынан өзі де дір ете түсті. Пудель оны растап шәу етті. Пудельдің көздері қас қапастан бұған қарап тұрды. «Ол шкафтың менің үстіме кездейсоқ құламағанын білемін» – дейді олар – «оны сен құлатқаныңды білемін. Сенің мені өлтіргің келмегеніңді, мұның жай ғана рефлекс болғанын да білемін. Мен сенен қысқы киіміңді шешуіңді қайталап өтінгенімде, сен өз-өзіңді бақылай алмай қалдың». Оның басы өз-өзінен изелді, бұл да рефлекске ұқсас болды. Егер, салқынқандылығы аздау басқа біреу болғанда, оның көздерінде жас тұрар ма еді?! «Қазір жағдайың жақсы ма?» – деп сұрады пудельдің жанары. «Болады», – деп ол жауапты көзқарас тастады: «бір өзіме қиын. Ал сен ше?» «Жаман емес» – пудель күлімсірегенде ауызын ашты – «ием мені бағып-қағады; ол жақсы әйел. Қызымыз қалай?» «Дәл қазір содан келемін. Тым жақсы. Ал, Жильбер, ақыры балалы болуға келісім беріпті». «Мен қуаныштымын» – пудель құйрығын бұлғаңдатты: «Бірақ, сен өз-өзіңді күтуге міндеттісің. Семіріпі те кетіпсің, сосын, темекіні өте көп тартасың». «Рұқсат етесіз бе?» – деп қимыл жасап, әйелден үнсіз сұрады. Әйел басын изеді де күлді. Ол Халинаның бүкіл денесін сипап, содан соң, еңкейіп, сүйді. «Өкінішті» – деді ол, діріл мен жасқа толы дауыспен – «Өкінішті, Халина, кешір мені!..». «Сіз оған ұнайсыз» – деді әйел, шала ағылшынша: – «Қараңызшы, қараңызшы, сіздің бетіңізді қалай жалап жатқанын. Мен оның бұрын-соңды бөтен адамды бұлай аймалағынын көрмеппін».

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Шілде 15, 2009 at 11:40 тк

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: