Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Қазақ журнализмінің «жаңа жетістігі» немесе «баспасөз блоггерінің» бір айтары

with 10 comments

25Өткен аптаның аяғында Нұрсұлтан Назарбаев, «Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеру мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Иә, бұл қарабайырласақ «интернет жабылады» деп көтерілген байбаламның ақырғы нүктесі еді. Шындығында, интернет жабылған жоқ – тек ендігі жер оны «мекен ететіндердің» мәртебесі өзгерді. Мәселен, ендігі жерде Қазақстанның барлық интернет-ресурстары дәстүрлі БАҚ болып есептеледі. Бұл – бұдан былай «боқмұрын» «блоггер» де «БАҚ өкілімін» деп бәлденеді деген сөз.

Алда-жалда сайт ашып, оған «форум» қосып, бір ойды ортаға салсаңыз «меншікті тілшілеріңіздің» де, яғни, форумға қатысушылардың пікіріне «бас редактор»-администратор ретінде сіз немесе «бөлім редакторы»-«модератор» ретінде бекіткен адамыңыз жауапты боласыздар. Жағдай осылай өрбісе, онсыз да «қасқасы қайнауға» «сүт пісірім уақыт» қалған қазақ журналистикасы қазанының астына тасталған кезекті отын, ендігі жерде «журналистік кәсібилік» дегеннен садаға кет!» деп айтуға итермелейді.

Мәселен, ендігі жерде Қазақстанның барлық интернет-ресурстары дәстүрлі БАҚ болып есептеледі. Бұл – бұдан былай «боқмұрын» «блоггер» де «БАҚ өкілімін» деп бәлденеді деген сөз.

Онымен қоса, шетелдік интернет ресурстарға да шектеу қоюға «құқылы» біздің Заң. Мәселен, «The Sun» газетінің он-лайн нұсқасындағы бір материал біздің «ұлттық құндылықтарымызға» қайшы келіп, оны «ұлтжанды, полиглот, суперсараптамашы» азаматтарымыздың бірі байқап қалып, сотқа жүгінер болса, аталған басылымның бас редакторы Ребека Уэйдті жауапқа тартпай-ақ, оның Қазақстандағы тағдырын шеше саламыз.

«Битке өкпелеп тонын өртейтін» қазақта Калифорния штатының губернаторы, журналист Арнольд Шварцнеггердің жеке блогын оқып жатқандар көп болмас, десек те, кейбір төрінен дәмелі мәртөбелі ұйымдардың алдындағы беделімізге бұдан нұқсан келіп қалар-ау деген де қорқыныш жоқ емес.

Өйткені, қалай етсеңіз де бұл, әлгі «демократия» делінетін «доменнің» ережелеріне қайшы ғой. Біздің сөзімізді Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі орталығының кеңесшісі Эндрю Оффенбахер де қолдағандай: «Мұндай шектеулерді енгізу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде халықаралық міндетемелеріне зиянын тигізе алады». Елбасыға жазған хатында, аталған Заңға «Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарын басқаруды демократияландыру жолында жасалатын кері қадам» деп баға берген ЕҚЫҰ-ның Баспасөз бостандығы мәселелері бойынша өкілі Миклош Харасти, заң жобасына қол қойылмастан бұрын, «егер Қазақстан Президенті бұл заңға вето жариялар болса, бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге үміткер – Қазақстанның осы ұйым алдындағы міндеттерін толықтай құрметтейтінің анық белгісі болар еді» -деген болатын. Демек, заң қабылдап, беделді ұйымды құрметімізден құр қалдырсақ керек. Бірақ «сыйға – сый» деген бар… Алайда, ресми Астана «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне бұл заңның ешқандай да тікелей әсері болмайды» – деп сендіріп отыр. Сыртқы Істер Министрлігінің өкілі Ержан Ашықбаев, айтуынша, СІМ өз тарапынан ЕҚЫҰ-дағы серіктестерімізге қазіргі жағдайды және заңның қабылдануына не түрткі болғанын түсіндіру үшін барлық қажетті шараларды жасайды. Президент баспасөз қызметі хабарына жүгінсек, «түрткі болған» себеп : «ел аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы таратылатын ақпараты таратуға байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру». Жә, делік – Еуропа әуелден де бізге төрін ұсынғанда Қазнетімізге қызыққан ештеңесі жоқ. Төрағалық та тағдыры бір заңмен шешіле қалатын «тегін тақ» бола қоймас. Қазнет жылдамдығы жаһан жаңалықтарының жедеғабылдығына жетіп жығылатын кез де алыс емес екеніне сенейік. Ақыраяғы, демократия мен демагогияны айыра алмай жүрген қоғамға «сөз бостандығы» дегеніңіз де айтарлықтай құндылық бола қоймас… Бірақ, бір нәрсеге бақылау орнату үшін бақылаушының қажеті анық қой, біздің жағдайымызда – «жалпы ұлттық модератордың». Біз білсек, интернетті бақылау техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Оффенбахер мырза да «Интернетті бақылау мақсатында үлкен қаржылық және адами ресурстарды инвестициялап отырған бірнеше елдің тәжірибесінен анық байқайтынымыз: интернетті бақылау дегеніңіз нәтижесі мүлдем мардымсыз не тіптен мүмкін емес іс», – деген болатын.

P.S. …Заңның жүктейтін жауапкершілігінің көптігіне байланысты, кейбір сайт иелері өз интернет-ресурстарын өз еріктерімен жауып тастады. Кеше ғана «Битлздың» «Back in USSR» әнін жүктеп алуға ықылас танытқан сайт та солай етуді жөн санапты.

P.P.S. …Бірер күн бұрын ғана қолымызға «журналистика бакалавры» екенімізді куәландыратын дипломды алғанбыз – төрт жыл оқудың нәтижесі. Енді, міне, Интернетте блогы барлардың барлығы «журналсит» екенін куәлдыратын заң да бар.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Шілде 15, 2009 at 10:04 тк

Posted in 1

10 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Форумды қадағалау аз да болса ақылғақонымды делік, АЛ чатты да күні-түні бақылау деген не сұмдық? Олай болса, чатты ұмытатын болар халық.

    ansarphotos

    Шілде 16, 2009 at 3:44 тд

  2. ansarphotos ішіпТ:
    Олай болса, чатты ұмытатын болар халық.
    Бұл жерде, «халықтың» ұмытатын да чаты болмағанын тілге тиек ете кеткім келеді.

    satibaldi

    Шілде 17, 2009 at 7:42 тд

  3. P.P.S. …Бірер күн бұрын ғана қолымызға «журналистика бакалавры» екенімізді куәландыратын дипломды алғанбыз – төрт жыл оқудың нәтижесі. Енді, міне, Интернетте блогы барлардың барлығы «журналсит» екенін куәлдыратын заң да бар.

    мына созинен. буйтерин билгенде акша шыгындап окымай*ак кояр едим дегин келген сияқт 🙂

    Сатах

    Шілде 17, 2009 at 4:53 тк

    • Кеткен ақшаны емес, уақытты айтсаңшы…

      makym

      Шілде 17, 2009 at 5:38 тк

      • тупо сұрақ болса кешіріп қойыңыз 🙂
        уақытты үнемдеп не істемек болдыңыз құпия болмаса?

        неважно

        Шілде 17, 2009 at 11:50 тк

      • Уақыт болса, «істемек» те табылар еді. Не екені «неважно»…

        makym

        Шілде 18, 2009 at 12:35 тд

      • ақша-уақыт, уақыт ақша.
        уақытты шын үнемдегің келді ме? іштей уақыт кетіргенше ауылда түйе бағып жүре тұрар едім демексің ғо 🙂 Жоқ, қателесесің, есесіне сен 4 жыл босқа кетірмей, студенттік шақты көрдің 🙂 «…» беріп/алып үйрендің 🙂

        aneshnik

        Шілде 23, 2009 at 7:03 тк

  4. Нуреке мен бүгін без комментариев екенімді түсініп отырған шығарсың 🙂

    Альмира

    Шілде 18, 2009 at 12:57 тд

  5. […] …Бірер күн бұрын ғана қолымызға «журналистика бакалавры» екенімізді куәландыратын дипломды алғанбыз – төрт жыл оқудың нәтижесі. Енді, міне, Интернетте блогы барлардың барлығы «журналсит» екенін куәлдыратын заң да бар. […]


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: