Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Аударма.Әзиз Несин.

with 3 comments

001Әзиз Несин – түріктің әйгілі жазушысы. Оның өткір саяси памфлеттерінің, сатиралық әңгімелерінің тақырыптары әрқилы. Жазушыны үй мәселесі де, денсаулық сақтау саласы да, білім беру де қатты толғандырады.

АЛ, СЕН БІЗДІҢ ЕЛДЕ ДӘРІГЕР БОЛА АЛАСЫҢ БА?

Бізде онсыз да дәрігерлер жетпей жүрсе де, кейбіреулері «ақша қуып» Еуропа мен Америкаға кетіп жатыр! Біздің қытымыр ақылгөйлер, шетелден білім алып келген жас дәрігерлердің елге келгеннен соң алдымен емтихан тапсырып, сонан соң ғана дәрігерілікпен айналысуына рұхсат алуын қалайды.
– Не үшін келдіңіз? – деп сұрайды емтихан алушы қартамыс тәжірибелі дәрігер.
– Қызмет қылып, адамдарды емдеу үшін.
– М-м, түсінікті… Ал, бұдан басқа тағы не істей аласыз?
– Қалай не істей аласыз?
– Не қалайы бар?! Мәселен, музыка шығарасыз ба, өлең жазасыз ба, әлде болмаса, киноға түсіп не мердігерлікпен немесе, коммерциямен айналыса аласыз ба? Ұлттық жиынның депутаты немесе министр бола алар ма едіңіз? Саясатқа кете аласыз ба? Әлбетте, сіз бірдеңемен айналысасыз.
– Жоқ, мен тек қана емдеймін… Мен ауқатты отбасынан емеспін, жалақының бір өзіне өмір сүре алмаспын, сол себептен жеке тәжірибемен де айналыссам деген ойдамын.
– Ха-ха-ха… Доцент, профессор атағынсыз жеке тәжірибе болады деймісіз? Ал, сізге пациенттерді кім жіберіп тұрады?
– Яғни, ауруларды дейсіз ғой?
– Иә, пациенттерді…
– Ауру адамдар өздері келетін шығар?..
– Қалайша ауру адамдар өздері келеді?
– Ауыр науқасты біреу алып келеді…
– Жарайды, ал, ауруларды алып келетін адамның аты кім?
– Әлі науқасты алып келмеген адамның есімін мен қайдан білемін?
– Мен ол адамның есімін сұрап отырған жоқпын, «науқастарды жіберетін адамды қалай атайды?» деп сұрап отырмын.
– ?
– Оны маклер дейді, маклер… Медицина маклері… Сен емхана пациентін жеке дәрігерге өзің жібермейсің ғой? Егер біреу бағыт беріп, жөн айтпаса, саған пациент қалай келмек? Шетелде сендерге мұны да үйретпеген бе?.. Жарайды, онда мынаны айта қойшы, кәсіби түсіністік деген не?
– Өзара көмек пе?
– Білмейді екенсің, мен саған түсіндірейін. Мәселен, саған бас ауруына шағымданып бір адам келеді… Оны тексеріп, сен оны өзіңнің жолдасың – әйел аурулары маманына жібересің…
– Ол адамның басы ғой ауырып тұрған… Гинекологта не жұмысы бар?
– Сенің жолдасың гонорар алады да, пациентті өзінің жолдасы – тіс дәрігеріне жібереді.
– Бірақ…
– Тіс дәрігері оны тері маманына, тері маманы – рентгенологқа, рентенолог – окулистке… Ақыр соңында оны невропатологқа жіберген жөн. Бұл уақытқа дейін оның «нервісі» жұқарары сөзсіз… Егер оның ішерге тамағы, киерге киімі болса, онда ол өздігінен тәуір болып кетеді, ал, олай болмаған жағдайда көз жұмады да, ауруынан құлан-таза айығады. Өлгеннен соң ол қайтадан дәрігердің қолына түседі – патологоанатомға. Енді айтшы, әйгілі, танымал болу үшін не істеу керек?
– Мен науқастарымды дұрыс емдеуге тырысамын, осының арқасында өзімнің репутациямды жақсартамын.
– Қық… Мені тыңда. Сен газетке хабарландыру бересің: «Кедей науқастарды тегін қабылдау. Күн сайын түстен кейін». Сонда пациенттер саған келе бастайды, сонан соң тек дүйсенбі мен бейсенбі күндері қабылдайтын боласың… Онан кейін аптасына бір рет, одан соң айына бір рет… Ал, науқастар қаптап кеткенде сен тегін қабылдауыңды қоясың. Сосын біртіндеп, бірақ, әркез емделу ақысын өсіріп отырасың. Адамдар сенің қойған жоғары бағаңа қарап сені ғажайып бір құпиялы әдіс-тәсілдер біледі екен деп ойлай бастайды. Барлық науқас саған жүгіреді… Айтпақшы, газеттерге науқастарыңның атынан алғыс білдірген материалдар жариялайсың. Ал, егер саған бір пациент келіп, сен оны тексергеннен кейін одан ешқандай ауру нышандарын таба алмасаң не істейсің?
– Денсаулығы мықты екенін айтам…
– Қой,ей… Мына дәрігерге қараңдар!.. Бұл өмірде дені сау, ауырмайтын адам бар ма? Одан ешқандай ауру ізін байқамаған күннің өзінде де оған түсініксіздеу жазумен рецепт жазып, дәріханаға жібер… Қалай болғанда да, психиатр оның бойынан сенімсіздік комплексін табады ғой… Иә-ә, рецепті неғұрлым түсініксіз жазсаң, бағасы соғұрлым түсініктірек болсын… Сосын газеттерге жиі мақала жазып тұруың керек. Мәселен, «Үй жалдау туралы», «Орманды қорғау», «Жүргізушілердің мінез-құлқы», «Неге адамдар есінен ауысады?», «Несиенің адам жүйкесіне зияндылығы» деген сияқты тақырыптар жазып, баспасөз беттерінде аты-жөніңнің көп көрінуіне тырыс, адамдар «о, бұл адам көп біледі екен» дейтіндей болуы үшін… Бұл істерді болашақта қала әкімі, немесе облыс әкімі, әлде тіпті Парламент депутаты немесе министр боламын деген мақсат үшін жасау керек… Иә, сенің біздің елде дәрігер ретінде сәтті жұмыс жасай алмайтының көзге көрініп тұр… Дұрысы, келген жағыңа қайта кеткенің жақсы, Америка ма, Германия ма…
– Рахмет, сау болыңыз!..
– Сен де сау тұр, жарығым, ауырма!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Шілде 16, 2009 at 10:00 тк

3 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. :)))))))))))
    Айтпақшы, «Қазандықтың ашылу салтанатына байланысты банкет» дегенін аударшы :)))

    satibaldi

    Шілде 17, 2009 at 8:48 тк

    • Жарайды.Сендер сұрасаңдар болды ғой.Көрейік оны да…

      makym

      Шілде 17, 2009 at 9:12 тк

  2. Али кутип журмиз гой, е? Кашан аударасын?

    Bolat

    Желтоқсан 27, 2009 at 6:54 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: