Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

…солай!

with 2 comments

Конституция күні таяп қалды. Белгілі бір мекемелер басшылары, белгісіз ұйымдар жетекшілері атаулы күнге орайластырылған әдепкі дөңгелек үстелдің не кезекті іс-шараның жүру барысын ойластырып жатқан шығар…
Басым бөлігі жастарға бағытталатын сол шаралар тізбегінің негізгі мақсаты – Атазаңымыздың абыройын асқақтату. Олардың, әсер қалдырарлықтай ерекше формада өтуін тиісті ұйымдастырушылардың ізденімпаздығына қалдырайық. Ал, оның басты нені көздеуі керектігі турасында, бірер пікір білдіруге мүдделіміз. Әлбетте, Конституциялық құқығымызды негізге алып.
Сөзсіз, әр елдің азаматының өз мемлекетінің Атазаңын білуі шарттылық болса керек. Өйткені, Конституция – сенің бостандығыңның кепілі. Әлбетте, классикалық үлгіде. Сондықтанда олар оны құрметтейді деп ойлаймыз. Қазақы қойторы қоғамда мұндай заңдылықтың орын алуы, саяси сақтықпен айтқанда, ертелеу. Оның тікелей һәм жанама себептері де баршылық. Оларды санамалау бөлек ғылыми-сараптамалық кітапшаға жүк боларлықтай дүние екенін айтсақ та жетер.
Анығы, қазақта құқықтық сауат төмен. Естеріңізде болса, Ресейдің қазіргі президенті Медведьев, сайлау алды бағдарламасының негізгі пункттерінің бірі ретінде құқықтық нигилизммен күресуді айтқан еді. Әккі заңгер орыстың өзінің құқықтық сауаты төмен деп тапқанда, «орыс әділін айтады» дейтін қазаққа, конституция қадірін білу ертелеу дегенімізге де бір себеп осы болған-тын.
«Ел – ертеңі жастар» деген таптаурындығымен қоса, әпербақандау лозунгтің өзінің «өмір сүруге» құқығы бар екенін ескерсек, «көш жүре түзелер» деп, жастарға сеніп, көңіл көншітуге атадан қалған қасиетпен құқылымыз.
Ал, сол жастар бүгін, өз құқықтары демей-ақ қоялық, Конституцияның кім үшін керектігін біле ме?
Біледі ғой, әлбетте. «Ақырзаманның балалары» дейтін қарттар таққан критерий де біздің буындікі болар. Тек қажетсіне ме? Иә, Конституцияны? Міне, бар мәселе осында болса керек. Конституциялық құқықсыз-ақ, «заң шеңберінде» өсіп-өркендеп, зәузатыңды өрбітуге болатынына көзі жеткен өрелі ұрпаққа Атазаң деген архаизм көрінсе, таң қалмаспыз. Кез-келген дүние күйкі тірлікте құнтты болмаса, өздігінен маңыздылығын жоғалтатындығын айту үшін бір ілімнің шылбырын ұстаудың да қажеті жоқ. Әйтпесе бар ғой, патриотизм дегеніңіз Атазаңды құрметтеуден басталады дей салсақ та, жалаң эмоциялы күйреуіктік жетегінде кетпейміз. Ал, бейтаныс нәрсеге қайдағы құрмет?!
Ол – ол ма, осыдан екі жылдай бұрын, Ғылым және білім Министрлігі қазақстандық патриотизмнің деңгейін анықтау мақсатымен әлеуметтік зерттеу жүргізген еді. Нәтижесінде 2000 респонденттің ішіндегі қазақтардың 15 пайызы өздерін бұл елдің азаматы деп санамайтындықтарын айтса, басқа ұлт өкілдері арасында бұл көрсеткіш 30 пайызды құраған. Сұралғандардың жартысына жуығы өздерін осы елдің азаматы санамайды екен. Ал, сіз Конституция дейсіз…
Иә, қызығы сол: бір шеті атакүлдікпен астасатын Атазаңға деген құрметті не демогогиялық диспуттар арқылы, не әсерлі, алайда, қатысы шамалы шеру тектес гала-шаралармен жастардың жүрегіне орнықтырмақпыз. Бұл өзі, енесі шелектеп сүт беретін бұзауды уызына жарытпау сияқтанады екен.
Әгәраки, келер ұрпақ Атазаңдағы құқығын білсін десеңіз, қала берді оны құрмет тұтсын десеңіз, жоқ-жітік дейсіз бе, аз қамтылған дейсіз бе, әлде, әлеуметтік әлсіз отбасылардың оқушыларына мектебіне қажетті оқу-құралын алып берсеңіздер жөн болар. Кезекті жергілікті көркемөнерпаздардың концертінен көрі нәтижелі іс қой бұл. Тек, балаларға бұл игіліктің Конституция күніне орайластырып жасалып жатқанын айта кетіңіз. Тікелей пайдасы тиген дүниені бейсаналы деңгейде болса да, адамның өзіңе жақын тартуы қалыпты қасиет қой.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Тамыз 20, 2009 at 1:52 тд

2 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Эмоциялар – күшті басқару құралы. Бұны ағашкалар білмейді емес, біледі. Концертті қойғандағы мақсаты да, батып бара жатқан Титаниктегі скрипкашыларды желкелеп әкеліп саздаттырғанмен тең болуы мүмкін деген болжам бар.

    Gastarbaiter

    Тамыз 20, 2009 at 7:51 тк

  2. сөзіңнің жөні бар негізі…

    patick

    Тамыз 20, 2009 at 8:12 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: