Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

АҢҚАУ ЕЛГЕ АРНАЛҒАН ӘЙДІК СЦЕНАРИЙ

with one comment

mironov_055

Жуырда ғана облыс орталығында жұртқа «су тегін» ақша үлестірген тағы бір микрокредиттік ұйымның салымшылары алданғандарын аңғарды. Сценарий – бағзы, кейіпкер – халық. Құдды сериал дермісіз. Естеріңізде болса, блогқа өткен біразда тұтастай бір ауданның тұрғындарын алдаған топ туралы жазған болатынбыз. Микрокредиттік ұйым атын жамылып, халыққа несие береміз деп, қазақыласақ, ауылдықтардың «ауызын ұрып кеткен» алаяқтар көп кешікпей құрықталды да. Әлбетте, ашық ауыз салымшылардың ақшасы қайтарылмады…
Бұл жолы да, картина кульминациясы әлгіндей сюжетпен аяқталса, сөз жоқ – Ұлы әділдік орнайды, алайда, халық ақшасы кезекті бір банктердің кезекті есеп шоттарында жасырын қала беруі кәдік. Жә, микрокредиттік ұйымдардың әлгіндей «спецэффекттерді» пайдалануы, ол – ҚР Заңы аталатын құжаттың осал тұсы. Шашпа қазақ несие дегенге нашадан кем емес үйір боп алды. «Тәңірі сиыр! …Халық үшін опиумның бағасы қанша, қазір?» деген Остап Бендер талай комбинаторға пір болды ғой. Ал мына бір жайт, «Оушеннің он бір досы» фильміне таптырмас балама боларлықтай-ақ.

Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Жұпар Шамеденоваға ауылдағы № 10-шы «Темірбанк» бөлімшесінен «Темір ОК» несиелік бағдарламасы бойынша халыққа үй жабдықтарын банк арқылы несиеге беруге ұсыныс түседі. Әрлі-берлі ойланған Жұпар, келіседі. Осы кезде жаңа кейіпкер пайда болады, ол аудан орталығындағы банк бөлімшесінің бастығы – Бибігүл Альбетова. Басты рөл де осы адамдікі. Альбетовамен келісім шартқа отырған Жұпар, енді ісінің алға басып, пайдаға табатын күннің де алыс еместігіне сенеді. Алайда, Альбетова кәсіпкерге жұрттың несие үшін ай сайынғы төлеуге тиісті соммасын өзіңіз жинап әкеліп беріңіз дейді. Стоп. Афераның басы – осы. Әрі қарайғысын, айтып жеткізбек түгілі, оған экранизация жасасаңыз да «а-ля, Дэн Браун» сипатындағы фильмдерден осал түспейтіндей.
Сонымен, 2006 жылдың қазан айынан бастап, 2007 жылдың сәуір айына дейін кәсіпкер Шамеденова банкпен серіктес болады. Серіктестігінен садаға кетсін, жіберген құжаттардың бір бөлігін зорға деп қайтарып алса, кейбір сатылған тауардың ақысын банктен ала алмай кетеді ақыры. «Құтырғаннан құтылған» деген пәндеуй ой болды, сол кезі» – дейді, Жұпар. Алайда, «бір айналдырғанды, шыр айналдыру» болмыстың заңы болса керек-ті. Сөйтіп, бақай есептен шатағы жоқ, шатағы болғанда да түсініп болмайтын небір құйтырқы әрекеттермен Альбетова халықтың ақшасын өз қалтасына басады. Банк халықтан қарызын қайтаруын сұрайды. Халық Жұпарға келеді. Жұпар Альбетоваға барады. Альбетова, Жұпардың айтуынша «Базадан қате кеткен. Бәрі дұрыс – қазір тексереміз» деп, көзінше Атыраудағы орталыққа телефон соғып, барлығын реттейді-міс. Халық қарызын төлей береді. Бірақ, банк те «несиені төлеңіз» деуін қоймайды. Халық қайтадан Жұпарға келеді. Әрі қарай қалай екенін білесіздер. «Дежа вю» фильмі еске түседі ме? Сөз жоқ, таза трагикомедиялық жанрдағы таптырмас сценарий: киноматографистердің құлағына алтын сырға… Әйтпесе, режиссерлыққа ана біреу шапан киген қазақтың банктің барлық қызметкерлерін біліктілігімен таң қалдыратын роликті түсірген адамды шақыру керек секілді.
Осы кезде банктің борышкерлермен жұмыс бөлімінің қызметкерлері пайда болады. Эпизодтық рөлдер. Алайда, сюжеттік линияға жаңа бағыт беретін сипаттағы. Сөйтсе, банк алдындағы борыш миллиондарға шауып, бар қарыз Жұпардың мойнына жазылыпты. Алдымен, кеңес заманындағы «мейірімді» кинолардағыдай «Туысқан, бір сомды бер! Афонья маған бір сом қарыз!» деп басталған диалог, кәсіпкердің айтуынша, әрі қарай қорыққан әйелді тағы да алдау, бопсалау, қысқасы, Ресейдің «тоқсаныншы жылдар» стиліндегі фильмдеріндегі кәдуілгі жағдайға ұласқан.
Ақыры халықтың шыдамы таусылып, керекті органдарға арызданады. Іс Альбетованың үстінен іс қозғалуымен тәмамдалады. Мәселенің бар бүге-шүгесіне дейін тарқатып айтпай отырғанымыз да сол: тергеу жұмыстарына кедергі келтірмеу.
Негізі, арт-хаус болмаса, кез-келген «дұрыс» фильм осындай финалмен аяқталуы тиіс-тін. Алайда, Шамеденоваға «аталған афераға сенің де қатысың бар» деушілер жоқ емес екен. Олардың да есімдерін, белгілі заң шеңберінен аспау үшін айтпай отырмыз. Оқиға шиеленісіп келеді. Ия, бақсақ бұл ақыры қашан бітетіні белігісіз «көбікті опера» екен. Бұл кейіпкер кетсе, орнына басқасы келетінінде де еш күмән жоқ. Бұлай болжам жасап, пәтуа айту үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Оның үстіне, «Гений» фильміндегі мына бір сөз де әдеттегіден орынды – «Как дети! Страна непуганых идиотов».
Осыдан соң Боратқа Қазақстан туралы түсірген киносы үшін ренжіп көріңіз. Айтпақшы, бұл туындыны Ресейдің МТV телеарнасы осы айдың 17-шы жұлдызында көрсетпек. Көріп отырып, көзкөрді, құлақ естіді жағдайларды танып қалып, «Капуциндер бульварындағы адам» фильміндегідей «Оның синематографты суқаны сүймейтін»-нің кері боп жүрмесін.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қазан 6, 2009 at 9:19 тк

One Response

Subscribe to comments with RSS.

  1. :((

    Альмира

    Қараша 19, 2009 at 2:12 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: