Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Имамма-мия

with one comment

Бүгін тағы да «Нұр Отан» vs «Жемқорлық» күресін көру бақыты бұйырып отыр біздерге. Жергілікті филиал жемқорлыққа қарсы күрес аймақтық форумын өткізбекші. Құдайға шүкір, алғашқысы емес. Бірақ, осы тектес жиын-жиналыстарда көп отырған көтенім сезіп тұр: соңғысы да емес.
«Ауруын жасырған өледі» дедік те, осы күні «жемқорлық жайлады!» деп жаһанға жар салып, жемқор дегеннің жағасына жапатармағай жармасып жатырмыз. Енді, қайтейік?! Бұрын «жемқорлық жоқ» деп жүрсек, ол жалмауыз жар астында жүр екен. Әлгі, «СССР-да секс жоқ» дегендей күйде болдық қой. Сөйтсек, бар екен. Секс та, жемқорлық та…
Оңды солды секстан бас тарқызудың біз білетін бір жолы: пуритандық мораль. Қазақыласақ, тақуалық. Жемқорлықтан бас тарқызудың да біздегі «технологиясы» осының кері – «жемқорлық деген жезөкшеге жоламаңыз!». Шенеуніктің жүрегіндегі иманды күшейтетін «Нұр Отандық имамдар» кастасы пайда болды қоғамымызда.
Тек, біздің шенеуніктер енесі Фемиданың да, атасы Ар-намыстың да (ар-намыс кодексі деп оқысаңыздар да болады) көзін ала бере, байғұс әйел мемлекеттің көзіне шөп салатын шенеунік күйеулер «имамдарды» қайтсін?! Олар тіпті, «имамдар» өткізген екі-үш сағаттық жиналыстарда моральдық ононизммен айналысып болғаннан кейін де, сол «жеңіл жүрісті» келіншекке бет бұрады. Заңды сұрақ туындайды: жеңгетайлықпен айналысып жүрген кім? Мұның жауабын «имамдардың» иманына қалдырдық.
Бір ұсыныс бар: кез-келген шенеуніктіктен үміткер адамның мемлекеттік қызметкер тестісін тапсыруы барысында тағы бір қосымша сұраққа жауап беруін талап ету керек: «сіз секспен айналысасыз ба?».

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қараша 24, 2009 at 7:17 тк

One Response

Subscribe to comments with RSS.

  1. Мәссаған… неткен интерпретация… :))
    Жалпы қою керек қой… алдағанды, өзіңді де, халықты да…

    Akzere

    Қараша 26, 2009 at 7:30 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: