Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Тәуелсіздігіміз тосын сый ма еді?

with 3 comments

Қазақ блогшыларының арасындағы танымал блоггер Ақзере жуырда бір ойын ортақ талқыға тастаған болатын. Алайда, өкініштісі сол – бұл бастаманың логикалық жалғасы, яки, уытты пікір, ұтымды айту болмады. Ал, айтылған ой біздің Тәуелсіздік күнін тойлауымыз турасында еді. Дәлірек, оны «қалай тойлауымыз керек?» деген сауал қойылды. Жауап жоқ. Бар ғой, бірақ, ол әркімнің көкейіндегі субъективті ой, яки, иррационалды. Ал, жалпы ұлттық санаға сіңісті болуға тиіс категорияның бұлайша сиырқұйымшақтануы, біздің әлі де болса, сол тәуелсіздікті сезінбеуімізде шығар. Дәлірек, айтсақ, оның Мағынасын, Құнын.
Бұл жерде мерекенің ритуалистикасы, атрибутикасы секілді кез-келген мейрамға тән компоненттерді қозғау да мүмкін емес. Себебі, олар жоқ. Қалыптаспады: бұқара қалыптастыра алмадық, билік қалыптастыруға құлық танытпады.
Әлбетте, «Тәуелсіздік күні» мерекесі секілді жалпыұлттық категориялар бір индивидтің субъективті көзқарасымен өлшенбейтін болар, олай болған жағдайда, бұл абсурд болар еді, біздіңше.
Сонымен, мерекенің екі негізігі элементі – әлеуметтік-құрылымдық компонент және адамдардың құбылысты қабылдау дағдысы – бар десек, біздегі кемшін түсіп отырғаны соңғысы. Өйткені, алдыңғысынан талап етілетін, мерекенің құқықтың статусы, күнтізбедегі орны секілді элементтер анықталған. Ал, соңғысы…
Ия, әркім мерекені қалай тойлайтынын өзі біледі. Оның үстіне «Тәуелсіздік күні» мерекесінде біреуді қандайма бір үдеріске мәжбүрлеу де, жұмсартып айтқанда ыңғайсыздау сияқты. Алайда, бұл мерекеге жалпыұлттық категория берілген екен, оның астарында сол халықты біріктіретін бірден-бір идеологиялық тұғыр болуы керек қой. Ал, біздің қоғамда ол – идеологиялық аспект деп те қаралмайтындай. Әйтеуір, өзімізге сондай әсер қалдырады.
Ақзеренің бастамасын, мынадай ұсыныспен жалғағымыз келіп отыр – Тәуелсіздік мерекесі бір апта тойланса (демалыс күндерінің де осыншалықты болуы керек деген сөз емес бұл). Желтоқсан айының 12 мен 18 аралығында. Неге? Ол үшін тарихқа көз жүгіртелік.
12-желтоқсан 1917 жыл – дәл осы күні Алаш қозғалысы екінші жалпықазақ съезінің шешімімен Алаш автономиясын жариялады.
Сол кездегі «Сарыарқа» газеті тарихи сәтке былайша баға берген еді:
«Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Отансыз жұр Отанды болды».
Отанды болуға, Мемлекет құруға жасалған алғашқы қадамымыз сол кезі жасалған еді…
13-желтоқсан 1917 жыл – Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай басқарған Түркістан мұхтариятын (автономиясын) қолдап, Ташкент көшелеріне шыққан бейбіт халық шеруіге қарсы большевиктің биліктің қару қолданды.
Мемлекеттің өркендеуінің, дамуының ажырамас компоненті саналатын азаматтық қоғамның алғышарттары сол кезде қалыптаса бастап еді…
14-желтоқсан 1991 жыл – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады.
15-желтоқсан 1992 жыл – Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған тұңғыш салтанатты жиын өтті.
16-желтоқсан 1991 жыл – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Констмитуциялық заңына қол қойылды.
17-18 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы.
Біздіңше, осы тарихи даталарға қатысты оқиғалармен жете танысып, сол кездегі құбылыстарды сараптап ой елегінен өткізгеннен кейін, «Тәуелсіздік күні» мерекесінің драматургиялық анализ матрицасы өздігінен жалпыұлттық сипаттағы элементтерге толығатындай көрінеді бізге.
Негізі, «ит жоқта шошқа үредінің» кері ғой, біздікі, сосын, масылдық психологиядан ада азаматтық позициямызды танытуға деген бір талпыныс.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Желтоқсан 9, 2009 at 8:08 тк

3 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Қой, онсыз жалқау халық, тіптен ішіп кетер.. 🙂 Жапондар ма, корейлер ма 3-4 сағат ұйықтайды екен ғой, сондықтан жата бермей, экономика дамыту керек.. 😉

    Akzere

    Желтоқсан 9, 2009 at 9:01 тк

  2. Бұл тарихи күндерді мектепте де атап, оқушылардың санасына құя білсе..

    Бізде бұрын сол күнге жақындағанда арнайы класс сағаты болатын. Қ. Рысқұлбеков туралы көп айтылатын, білмейм, мүмкін жерлес болғаннан да болар. Сонда да тәуелсіздіктің қадірін жете түсінген емес едім. Кейініректе, Ресейдің сансыз түркітілдес азаматтарын тани бастағанда ғана, жақында күрттермен танысқалы бері, тәуелсіздіктін қадірін жете түсіне бастағандаймын..

    Бір қытайлық ұйғыр мен еуропалық өзбектің әңгімесін естіп таң қалғам, сол кезде олардың бір-біріне жақын екенінен де мәлім болдым. Бір-бірін бірден бауыр тартып, әңгіме-дүкен құрып кетті. Қытайды жерден алып жерге салып отыра, сонда: мына қазақ-қырғыздарға т.б. қара, ешқандай ұрыс-соғыссыз бір күнде тәуелсіздікті иемдене қалды дегені бар..

    Symbat

    Қаңтар 5, 2010 at 1:06 тд

  3. батыста да кеңес үкіметі құлады сонымен тәуелсіздік бастарына құлады деп оқытылады, былай қарасаң шынымен де солай.
    ал одан бұрынғы тарихи жәйттер әрирне саналмайды, оны қазақтың өзі көтермейінше оны ешкім білмит та

    altygradus

    Қаңтар 31, 2010 at 2:15 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: