Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Түсінбейтін тақырыптан түйгенім…

with 3 comments

Редакцияда жылдың соңғы нөмірін шығарудың қамы – қарбалас: жауапты хатшы дизайнерлерді боқтап, дизайнерлер тежеле беретін интернетті боқтап жаңа жылдық операның увертюрасын орындап жатыр. Мен – үнсіз мониторға телміріп отырмын. Редактордан «9-шы жылдың 9 тартуы» деген тақырыпта саяси-сараптамалық материал жазуға тапсырма алдым. «Жаза алмаймын» дегенім сылтау емес, саяси сауатсыздығымның себебі екенін редактор құлаққа да ілмеді. «Келер жылдан бастап саған саяси-экономикалық бөлімді береміз. Үйрене бер!»-деп, қосып қойды. ҚазНет сарбазы Сатыбалдышаласақ, шешесс дегеннен басқа эпитет келмей отыр. Түсінбейтін тақырыптағы елімізде бір жыл ішінде орын алған саяси оқиғалар мен құбылыстарды түйіндеуді неден бастарымды білмей далмын. Түсінбеймін ғой, түсінбеймін…
Елдің саяси өмірі үшін ненің маңызды, ненің кезекті оқиға екенін түсінбегендіктен хронологиялық тәртіппен талқылауға көштім. Бір түсінгенім: ертең түске дейін тапсырылуы кере материалды, бұлайша жазсам, келер жылдары осындай уақытта үлгеріп қалуым мүмкін.
Сайттан сайтқа Гоби шөлінің тұрғынындай серфинг жасап жүріп, тағы бір нәрсені түсіндім: мемлекетіміздің ішкі және сыртқы міндеттері бар екен. Түсінбегенім: біздің оқырман үшін мұның қайсысы маңыздырақ? Мемлекет үшін ше?
Кедендік Одақ құру бойынша еліміз бірқатар құжаттарға қол қойып, сәйкесті міндеттемелер алды.
Билік экономистері «елімізге шаш етектен пайдалы» Одақты мадақтап жатқанда, жалғызбасты кедейлеу бойдақ көршім қытай лапшасының қымбаттайтынына қиналып жүрсе, ресейдің «ВАЗ», «ГАЗ» секілді унитаздарынан соры қайнаған ауқаттылау ағайым шетелдің автокөліктерінің қымбаттайтынына қынжылыс білдіруде. Оның әйелі де, қазіргі бизнесінің орыстар мен белорустың шаруақорларына бәсекелес бола алмайтынына сенімді. Түсінбейтінім: мемлекет қай міндеттерін маңыздырақ санайтындығы?
Келер жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеміз. Әлбетте, мұндай мәр төбелі ұйымның төрінен орын алу қашан да мәртебе. Бірақ, түсінбейтінім: ұйымның төрағалық міндеттемелеріне қосып, саммит өткізу міндеттемесін алып отырған мемлекетіміз, оған кететін шығын көлеміндегі қаржыны көп балалы аналарға берсе, нұр үстіне нұр, ал, Нұрсұлтан атты адамға респект болатынын неліктен ескеремеген. Тағы да түсінбестік танытып отырмын, тағы да сол сұрақ: мемлекет қай міндеттерін маңыздырақ санайды – өзге ел азаматтары алдындағы ма, әлде, өз халқының алдындағы ма?
Босқындарға да мейірім танытып жатқан биліктің, өз халқына жаны ашымайды дегенді түзу қисынға түсіну қиын. Ох! Саяси сауатсыз екенімді ескертіп өткем, сонда да кешірерсіздер. Біздер босқындар мәртебесі туралы Конвенцияға қосылған екенбіз ғой. Ол құжат бойынша, мемлекет босқындарды паналатуға, үй-күй күйттеуге, жұмысқа орналасуға көмектесуге міндетті. Тіпті, министр Әбдіхалықованың өзі «біз босқындар туралы заң қабылдауға тиіспіз, өйткені Конвенцияны ратификацияладық» деген болатын. Түсінбейтінім: оралмандарды сөз етпей-ақ қойғанның өзінде, өз елінде үйсіз, жұмыссыз жүргендердің қамы да БҰҰ-ның «Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі туралы» Конвенцияны ратификациялағаннан кейін қолға алына ма? Аладйа, әлгі ұйымның мұндай құжатты қабылдауы қиындау екенін саяси сауаты жоқ мен де түсініп отырмын. Осыны биліктегілердің түсінбейтіні түсініксіз. Түсінсе, бұл жасап отырғандары одан бетер түсініксіз бола түседі.
Құдайым-ау, Қазақстан қосылған Конвенциялардың санынан шатасуға болады екен. Әр қайсысының міндеттемелері және бар. Меніңше, біздің шенеуніктер үшін ішкі міндеттемелерден сол маңыздырақ секілді. Әлде, бұл да – өзіңдікіні жарытпай отырып, өзгені жарылқау – мен түсінбейтін саясаттың тағы бір сұмдық болғанда супер технологиясы ма?
Өзіңдікі деп оқшаулап отырғанымыз, сол биліктің ішкі міндеттемелері ғой – зейнеткерлер алдындағы, көпбалалы аналар алдындағы, мүгедектер алдындағы, талантты балалар алдындағы, мұғалімдер мен дәрігерлер алдындағы…
Бірақ, біздің шенеуніктерге «қатын-қалаштың» қамын ойлап бас ауыртқаннан, шетелдің «супермодельдерінің» алдына «понттанып» даурыққан ыңғайлы сияқты. Болсын! Егер, олай болса, оларға өз әдістерін қолданалық. Ақтауда алимент төлемейтін әкелерді, яғни, өз міндеттемелерін орындамайтындарды 10-15 күн қоғамдық жұмысқа салады екен. Халқы алдындағы міндеттемелерді орындамай отырған шенеуніктердің олардан қай жері артық?! Оның үстіне, олардың билікте атқарған ісінен көше тазалағаны халыққа пайдалырақ сияқты.
Әлде, мен тағы бірдеңені түсінбей қалдым ба?

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Желтоқсан 21, 2009 at 10:30 тк

3 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Бәрін дұрыс түсінген сияқтысың 🙂 Тек сол елде болып жатқан саяси экономикалық өзгерістер күні ертең халықтың өзіне тікелей әсер ететінін күні бұрын хабарлап отыру керек. Біздің жұрт әдетте заң қабылданып болып, бір екі жылдан кейін оның әсері халыққа біліне бастаған соң барып, «Билік бізді алдап кетті» деп шулайды. Ал егер сол заң, яки үкіметтің ісіне дер кезінде араласып отырса, бұлай болмас еді. Кедендік Одаққа қазір қол қойып қойды. Біз болсақ енді ғана ұйқыдан оянып жатырмыз. Т.с.с. 😦 Немқұрайлылық өлтіретін болды ғой бізді…

    urimtal

    Желтоқсан 22, 2009 at 4:35 тк

    • Кедендік Одақ қазаққа жақсы ма, жаман ба – бұл тұрғыда саралап, халыққа түсіндіріп беретін қазақ газеттері ғой. Жалаң хабар берумен шектелді, сосын билік сенен сұрамайды, аралассаң – бәлеге қаласың. Халық ұйқыдан оянып келеді, бағыт айқын болмай тұр ғой.

      Қосақ

      Желтоқсан 23, 2009 at 12:21 тд

  2. редакторлар қыздарға спорт тақырыбын жазыңдар деп тапсырады ғой, сенікі де сондай жыныстық қатынас ау деймін.

    Баян не дер екен бұл туралы?

    Аршат

    Желтоқсан 22, 2009 at 11:57 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: