Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

(no comment)

with 2 comments

Осы жыл қазақ кинемотографиясы үшін табысты жыл: әуесқой киногерлердің киноленталары да, кәсіби режиссерлердің туындылары да көрермен көзайымы болды. Бастысы, кейбір картиналар қоғамдық резонанс туғызды – қазақы киноның экрандағы екі сағаттық кадрлар жиынтығы деңгейіндегі шартты штрих емес, бұқараға тікелей әсер ете алатын өнер екені мойындалды. Әйтпегенде, біріміз «Келінді» жатып алып жамандар ма едік?! Әйтпегенде, келесіміз қазақы киноматографияға жаңа леп келді деп қуанар ма едік?!
Осы бір атышулы фильмге орай кәсіби сыншылардың рецензиясы да жазылды, қарапайым көрерменнің ойы да айтылды, сосын, қоғам назары ауған қандайма бір құбылыстан ұпай жинауға үйреніп алғандардың тірлігі де тыс қалмады.
Өткен ғасырдағы айтулы француз кинорежиссерлерінің бірі Рене Клер «мылқау киноның соры – қажетсіз жазулар, ал қазіргі киноның соры – қажетсіз диалогтар» деген-тін. Шындығында да, өн бойына бір сөз сөйлемей, көрерменге көп нәрседен сыр ашатын фильм туралы көпірме көп сөз айту да ыңғайсыздау.
Оның үстіне, енді «Оскардан» дәмелі ол туындының режиссеріне қатысты «ұлтшыл» пікірлер «өнерге шекара жоқ» қағидаты ракурсынан, күлетек келіншектің күңкіліндей ғана қабылданады.
«Мен үшін бұл фильмнің Оскарды алу-алмауы маңызды емес» – деген еді, осы фильм туралы кезекті әңгімемізде Республикалық «Тұран» газетінің редакторы – Елтай Дәуленов. «Маңыздысы – Ермектің біздің өнеріміздің дамуына үлкен импульс беруі мүмкін. Ал егер, Ермектің жолын ендігі кес-кестей беретін болса… Қайтеміз?! Өз обалымыз өзімізге…».
Шынтуайтуында да, біздер төл кинематографиямыздағы еркін кино бағытының, яки тарихи-идеологиялық штамптардан ада ағымның туғанының куәсіміз. Тимур Бекмамбетовтерді «Қазақфильмге» жолатпаған қатырма қалыпты қирататын уақыт жетті ғой, негізі.
Жыл аяғында Тұрсынов, «Мамлюк» кітабының тұсауын кескен болатын. Алты жыл бойына Бейбарыс өткен жерлерді аралап жүріп жазылған кітаптың айтары зор болса керек. Әйтпесе, оны экранизациялау құқығына режиссер Сергей Бодровтың компаниясы бірден жабыса кетер ме еді?! Білсек, ол азаматтың да талғамы жоғары. Тек, ендігі керегі 30 миллион доллар.
Келер жылдары Ислам конференциясы еліне төрағалық ету жоспарымыз жүзеге асып, оған қоса мұсылман елдерінде Бейбарысты «Ислам дінін сақтап қалушылардың бірі һәм Аллаһтың жауынгері» дейтінін ескерсек, бұл фильмнің қазақы киноматографиядан бөлек, басқа салаларға да тигізер пайдасы зор болатындай.
Бірақ, орыстың әйгілі режиссері Шукшиншалап, журнал мәтінінің алпыс-ақ жолы – фильмнің бір бөлігі десе де болады десек, соңғы айтқанымыз «басқа киноның сценарийі» екені белгілі.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Желтоқсан 24, 2009 at 11:31 тк

2 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Тауып айттың. Келін фильмін көргеніме өкінген жоқпын.

    Yeti

    Желтоқсан 30, 2009 at 6:17 тд

  2. hm…
    film turali pikirler arturli
    jeke basim ozime unagan joh
    bilay avtor pikirlerin recenzyalardi da ohip kordim
    rejisserdin interpretacyasi akilga siyimsiz
    ya durys aitasizdar kazah kinosina jan alep kerek
    birah ol mindetti turde bekmambetov nemese holywood bolui kerek emes hoi
    ozindik ereksheligimiz she?
    osi kundelikti korsetettin turk kinolarin korei kinolarin alip haraniz
    eshhaysisi da holywoodha ushaganin korgem joh
    barinin oz ulttyh nahishi bar
    bizdin kino ali haliptasu ustinde
    eliktegenshe oz bagitimizdi izdep tapsah jahsi bolushi ed
    al kelin filmine kelsek onda kazah atamnyn birde bir saltin kore almadim
    ulttyh nasmiti ari hoyganda
    kazah esh uahitta er jigitti siyirga mingizbegen
    kiz balasin asilday hasterlegen
    al bul kino tek hayshilihtar tuindisi jane oz omirinde ali bir filosofyalih oyi imani n eultshildigi joh avtor jemisi
    beybarsti tursynovtin kolina beruge bolmas
    onda islam alemi mindetti turde shalhasinan hular)))

    sameday1

    Ақпан 17, 2010 at 8:46 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: