Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Репортаж туралы репортаж (жалғасы)

with 7 comments

Баспаха белгілі себептермен біздің газетімізді сәрсенбі емес, сейсенбі күні басады екен. Директор келісіпті. Енді ше, «Тәуелсіз апталықпыз» ғой! Қысқасы, сол үшін қайтадан жиналыс жасады «бас». Онда маған қатысты айтылған әңгіме:
– Сен материалды сейсенбі де емес, ертең тапсыр! Уақыт жоқ!
– Оны қалай репортаж етем?! Дүйсенбі болсын тым құрығанда…
– Жоқ, дүйсенбіге материал көп. Верстальщиктер үлгере алмайды. Ойдан құрап жаза бер. Сол да сөз бе?!
Онсыз да жартылай өтірік репортаж, енді толықтай менің «ауру фантазияма» тәуелді болмақ. О, Құдайым, біздің оқырмандар не жазып еді, осыншалықты қасіретке душар болатындай.
Жә, тоғызыншы сыныпта «порнографияға» алмастырып жібергеннен кейін, қайтадан жинала бастаған ұятымды тағы да «порнографиялы» саяхатқа жіберіп, лжерепортаж жазайын:
«Мектептің бастауыш сыныбында мұғалимамыз нанның дастарханымызға қалай келетіндігін айтқаны жадымызда қалыпты. Кейінірек, тіпті, соңғы сыныптарда өткен кейбір пәндердің ереже не теоремаларын ұмыта бастасақ та, сол бір нан туралы «тәтті» әңгіме естен кетер емес. Бұл, бәлкім, сол кездеге деген нәзікен назымнан да шығар. Не қай саланың болмасын «ішкі кухнясы» қашан да ерекше қызығушылық туғызатындығынан болар.
«Журналист мамандық ауыстырады» деген айдармен талай мамандыққа машықтанып, сол саланың қыр-сырын оқырманға жайып салғанымызбен, өзіміздің жұмысымыз туралы әлі де бір ауыз сөз айтпаппыз. Сонымен, осы бір «олқылықтың» орнын толтырып, оқырманға редакцияның бір күндік өмірін боямасыз баяндамақпыз».

Неткен лирика-поэтикалық исповедь деңгейіндегі аннотация десеңізші. Шындығында түкке де қажет емес өтірік.
Кеттім әрі қарай…
Бірақ не жазам? Қалай жазам?
Бір сағат бойы бір кабинетте жалғыз өзім тып-тыныш отырғанымды ма? Дәлізге шықсам да сол тыныштықтан құлақ тұнатыны туралы ма? Қай кабинетте де сағаттың тырсылынан басқа дыбыстың шықпайтындығын ба?
Не туралы? Мүмкін, осы бір тыныштықты бұзу үшін кабинетіміздегі жиһаздарды, төрде бөлім бастығының үстелі тұратын бюрократтық стильден – демократияның айшығындай болатын, бәріміз тең біз дейтін америкалық мәнерге ауыстырғанымызды жазу керек шығар. Бірақ, бұл да көмектеспеді. Фен-шуй бойынша қою керек еді.
Не жазам? Бір тілшіміз «қаржы полициясындағы» кезекті бір былықтың соңына түсіп журналистік зерттеу жүргізіп, финпол қызметкерін торуылдап жүргенін бе? Тағы бір тілшіміздің «Нұр Отан» мен әкімдіктің бітпейтін жиналыстарынан шаршап-шалдығып жүргенін бе? Әлде, Төтенше жағдайлар Департаментіне кешегі зауытта орын алған өрт туралы ресми сұраным дайындап отырғанымды ма?
Бірақ, мұның бәрі оқырман ертең-ақ, газет бетінен дәлелін күтетін өтірік. Не жазам?

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қаңтар 14, 2010 at 11:34 тк

7 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Республикалық газет деген атауларыңды қашан өзгертесіңдер? реклама берушілерді (егер бар болса әрине) лохтар деп атауға бола ма?

    айтпақшы интернет бар ма?

    Аршат

    Қаңтар 15, 2010 at 12:29 тд

  2. Атауды өзгерту үшін қырқуар құжатты қайта жасақтау керек. Оңайы ұжымды қайта жасақтау.
    Біз жарнама жарияламаймыз 🙂 Ибо, жарнамаға тәуелді емеспіз 🙂 Шынтуайтындағы тәуелсіз газетпіз 🙂
    Интернет бәріміз де бар! Тіпті, корректорларда да…

    makym

    Қаңтар 15, 2010 at 12:33 тд

  3. Әрбір жақсы журналистің қоятын сұрағы. 🙂 Бір салаға бейімделсең, оңай болатын сияқты. Қазіргі оқырмандар емес, журналистердің өздері тіл, ұлт деген тақырыптарды жаза-жаза шаршады. Бір сарындылық байқала бастады. Ұлттық мәселеге, экономикалық, экологиялық, демографиялық, ақпараттық технология т.с.с. тұрғысынан қарау кемшін. Мүмкін осы жағын көрерсің. Азаматтық қоғам белсенді болмаған ортада журналист жұмысы да қиындай түседі. Бірақ сол азаматтық қоғамның белсенділігін де оятуға біз жауаптымыз. Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі!

    urimtal

    Қаңтар 15, 2010 at 5:52 тк

  4. Айтпақшы, корректор апайларға үлкен сәлем 😉

    urimtal

    Қаңтар 15, 2010 at 5:52 тк

  5. корректорлық жаман жұмыс шығар. бүкіл боқтың бәрін жеп шығуың керек түк қалдырмай

    Аршат

    Қаңтар 15, 2010 at 10:27 тк

  6. Мықты жазады екенсіз. Келіп тұрғым келеді. Кетті «таңдаулыларға».

    Нұрғиса

    Ақпан 5, 2010 at 6:29 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: