Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Репортаж туралы репортаж

with 8 comments

Бүгінгі «летучкада» кешегі нөмірді «талқылағандай» болып, алдағы нөмірдің «планеркасына» көштік.
– Бұл нөмір ерекше болуы керек! – деді бас редактор. Үнсіздік біздің келісетінімізді мәлімдеді. Біздің «планеркада» креативтің жарқырауы, қысты күні кемпірқосқатың көрінуіндей тосын құбылыс. Ал, қазір қыс! Оның үстіне, мен де ауырып отырмын. Қысқасы, менің еншіме, газеттің бір нөмірінің шығу тарихынан репортаж жазу бұйырды. «Осы арқылы редакция өмірінен оқырманға сыр шерту» – деді «бас».
Сонымен, біздің газет – аудандық деңгейдегі облысқа тарайтын республикалық басылым. Неге бұлай? Ішкі кухнямыздағы сюжеттің біреуі:
Кеше. Кезекті нөмірді шығару алдындағы… тыныштық! Ия, дәл солай! Бұрынырақта бұл күнгі қарбаластағы «Ей, ептібайымайд!» деп басталатын қараптпа сөздердің барлығын «Сәрсенбі синдромы» деп көңілге алмайтынбыз. Қазір, бұл күні әркім өз кабинетінде «канцелярия тышқанының» рөлін сомдайды. Күнде шығатын «Жемеген Қазақстанның» жедеғабыл журналистеріндей жүгіріп жүретін беретіндей «жынды» емеспіз ғой. Дегенмен де, «не болып жатыр?», «нөмірге не кетіп жатыр?» деп верстальщиктердің кабинетіне ара-кідік барып тұрамыз.
…нөмірге шаш бояуынан уланып өлген қыз туралы материал кетіп бара жатыр. Тағы да ма? Тағы да уланған ба? Оқып қарадым. Жоқ, қазір ол қызды жерлеп, жеті күндік қадесін де беріп тастады. Ал, біз енді жариялап отырмыз. Шефтің орынбасарына кірдім:
– Ағай, мына бір материалды жұрттың бәрі баяғы да жазып, айтып, көрсетіп кетті ғой. Басқасымен алмастыруға болмай ма?
– Жаза берсін! Біздің газетте бұл жазылған жоқ қой!
О, Құдайым! Мен осыншалықты не істеп едім, менің басыма осындай қасірет төндіретіндей. Бұл кісіге бүгін «Ескі Жаңа жыл» деген парадоксальды мерекені атап өтіп жатсақ та, «ескі жаңалық» деген ұғымның абсурдты екенін қалай түсіндірем.
– Ағай, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды! Жазайық!
– А?! Ол жаңалық па?
– Ия, жаңалық емес! То есть, «ескі жаңалық». Бірақ, бұл біздің газетте жазылған жоқ қой…
Соңғысы, әрине, темекі тартып тұрғандағы ойымдағы ғана диалог.
Түстеніп болдық. Сағат екі. Иес! АНПЗ өртеніп жатыр! Тағы да ма? Ия, тағы да! Кету керек нөмірге! Ана, «Блондекстің» орнына тым құрығанда!
– Алло, Самал! Мен ғой – Нұрберген! АНПЗ-дағы ЧП бойынша, қандай «комментарий» бере аласыңдар?
– «Официально» ештеңе айта алмаймыз. Әлі сөндіріп жатыр. Тергеуден кейін конкретно айтамыз…
– Жарайд, Самал! Рахмет!
– Ағай, АНПЗ өртеніп жатыр!
– А?! …қашан?
– Тап қазір! Нөмірге беру керек сияқты…
– І-і… Ресми ақпарат бар ма?
– Жоқ. Бірақ, өртеніп жатыр!
– Ресми ақпарат күткеніміз дұрыс шығар…
– Оның қашан болатыны белгісіз ғой…
– Жарайды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Келесі нөмірге де беруге болады.
О, Сайтан! Мұны да «ескі жаңалықтар» категориясына қосып қойдым онда…

Қазір, газетке газет туралы репортаж жазайын. Не туралы? Оны көре жатармыз… Анығы, осы репортажымның жазылу барысы туралы он-лайн «гонзо-репортаж» да жазып отырамын.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қаңтар 14, 2010 at 7:49 тк

8 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Нуреке, саган деген сеним мол менде! Тап осы «духмен» жалгастыра берсен, «жана медианың» озін артта калдыратын мумкіндік бр сенде. Ал, енді мына жаңа жазбадағына келер болсақ … туп-тугел шындык, түк қоспасы жоқ, шындық. Не бет шымшырымды, не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын

    Баян

    Қаңтар 14, 2010 at 8:04 тк

  2. жертвасы жоқ өртті нөмірге жібермей дұрыс істеген бас редакторларың :)))

    Альмира

    Қаңтар 14, 2010 at 8:06 тк

  3. Қазақ журналистикасы деп атаймын мен мұны!

    Аршат

    Қаңтар 14, 2010 at 8:11 тк

  4. Ой бізде де осындай жағдай. Бір кісі дүйсенбі дүниеден өтіп, газет жұма күні шықса соны жаңалық етіп жазады. Оның о дүниелік болғаны туралы уже шыбын-шіркейлер де естіп үлгерген.

    Сосын тағы бір жаңалықтардың тақырыбын оқығанда ары қарай жаңалықты оқымай-ақ қоюға да болатын кездер болады. Сондай кезде айтсаң, ой бола берсін, басқа не деп жазасың деп өзіңнен сұрап түрады ғой, мен, верстальщиктен… )))

    Ақзере

    Қаңтар 14, 2010 at 9:20 тк

    • Басқа не жазасың?;)))))))))))) бірақ ол сұраққа да Аршат жауабын жазып қойыпты.

      Gastarbaiter

      Қаңтар 15, 2010 at 8:48 тк

  5. – І-і… Ресми ақпарат бар ма?
    – Жоқ. Бірақ, өртеніп жатыр!
    – Ресми ақпарат күткеніміз дұрыс шығар…

    🙂 «Етікші етікке жарымайды» дегенге ұқсап кетті ме, қалай өзі?

    Тупак Амару

    Қаңтар 15, 2010 at 1:16 тд

  6. Біздің газет – аудандық деңгейдегі облысқа тарайтын республикалық басылым.

    !!!

    Осы жері керемет боп кетіпті!

    Бакытгуль

    Қаңтар 28, 2010 at 6:46 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: