Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

«Шаңырақ» (абсурдты театр турпасына арналған пьеса)

with 7 comments

Мың жарым адам еркін сиятын алып сахна. Бір бұрышында он бес адам топтасып, бір тар шеңбердің ішінде қыстырылып-қымтырылып тұр. «Ығысшы», «әрірек тұршы!» «бастың аяғымды!» секілді сөздер, пьеса бойына айтыла береді.

Шыңғысхан: – Маған, ауа жетпей жатыр! Бір-екеуің шеңбердің сыртына шығыңдар…
Сократ: – Болмайды! Бұл шеңбердің ішінде бәріміз де бірдейміз.
Шыңғысхан: – Мынаның тілін кесіңдер!
Сайқымазақ: – Сократтың тілін кесіңдер!!! Сократтың тілін кесіңдер!!!
Жебірей шал Яков: – Шыңғысхан, осы шеңбердің ішіне жинаған өзіңіз ғой.
Шыңғысхан: – Ия! Әйтпесе, бастарың бірікпейтін ед, сендердің!
Сайқымазақ: – Бастарың бірікпейтін ед!!! Бірікпейтін ед бастарың!!! Бірікпейтін еді…
Біреу: – Онда неге қуып жатсың?!
Шыңғысхан: – Іш пысты…
Екінші біреу: – Онда бәріміз билейік…
Сократ: – Жоқ, қалың тобырға билікті беруге болмайды.
Сайқымазақ: – Сократтың тілін кесіңдер!!! Сократтың тілін кесіңдер!!!
Жебірей шал Яков: – Сократтың тілін кесуге болмайд!
Үшінші біреу: – Неге?
Жебірей шал Яков: – Себебі, ол Сократтың тілі…
Біреу: – Кесіп алайық, сонда ол Сократтыкі емес, жай кесілген тіл болады.
Сайқымазақ: – Кесіп алайық! Кесіп алайық!
Шыңғысхан: – Сократ шық, шеңберден!
Сайқымазақ: – Сократ шық шеңберден!
Барлығы: – Сократ, шың шеңберден! Сократ, шық шеңберден!
Шыңғысхан: – Сократ, неге үндемейсің?
Жебірей шал Яков: – Оның тілін біреу кесіп алыпты.
Сайқымазақ: – Сократтың тілін біреу кесіп алыпты!!!
Шыңғысхан: – Сократтың тілін кескен кім?
Сайқымазақ: – Кім Сократтың тілін кескен?
Сахна сыртынан біреу: – Өзі
Шыңғысхан: – Кім мұны айтып тұрған?
Сайқымазақ: – Кім?
Жебірей шал Яков: – Сократтың тілі! Мен айттым емес пе, Сократтын тілін кесуге болмайды деп. Ол енді, Сократқа да бағынбайды.
Сегізінші біреу: – Өлтіріңдер, Сократты!
Жебірей шал Яков: – Сократ өлді!
Сайқымазақ: – Сократ өлді! Сократ өлді!
Шыңғысхан: – Кім өлтірді?
Біреу: – Тілі…
Екінші біреу: – Шыңғысхан, ауа кеңейді ме?

Шымылдық

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Ақпан 17, 2010 at 7:45 тк

7 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. baygus sokrat…)))

    sameday1

    Ақпан 17, 2010 at 8:40 тк

  2. пах, шіркін…кәдімгідей ой салды ғой мынауың!

    patick

    Ақпан 17, 2010 at 8:44 тк

  3. Minanin tilin kesinder, kesinder!!!!))))))

    sameday1

    Ақпан 17, 2010 at 9:22 тк

  4. mina= patick

    sameday1

    Ақпан 17, 2010 at 9:23 тк

  5. не деген абсурд драмасы десеңізші…

    arsenal777

    Ақпан 18, 2010 at 8:04 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: