Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Cідік сасыған қоғам, сэр!

with 7 comments

Бүгін таң бозармастан темір есіктің алдын торуылдадым. Қызымның бір жасқа толуына байланысты кезекті анализдерін тапсыру үшін. Сағат 8-де ашылуы тиіс орталыққа, 7-де жөнелткен әйелім өтірік алдамапты – иманды ғой, сосын, бір жыл ішінде жинақтаған тәжірибесі бар – кезекке он бесінші болып тұрдым.
Үйде келісілген жоспар бойынша, кезегім жақындағанда әйеліме телефон соғам, ол баланы алып жетеді. Сағат 8-ден 15 минөт кеткенде, найқала басып, дәрігер апай жетті. Менің соңымнан кезек алғандар саны оншақты адам. Ішке лап қойған лек әп-сәтте іркіле қалды. «Анализ орталығы» дегені ауданы он шаршы метрге жетпейтін тауық кепе тақылеттес көрдей іншік.
«Мұндай абсурдты театрда ойнау тек қазақ халықтық труппасының тақілетіне жазылған ба?!» – деп, әуелі, Тәңіріден, кейін, Шекспирден сұрағым кеп кетті.
Халқымыз… әрі кетсе, Токионың жартысына сиып-ақ кетеді, мықтаса Мехиконың жартысына жайылар. Территориямыз… пәленбай шаршы шақырым, дәлірек айтсақ, әлемнің аумақты елдері санатында тоғызыншы тұрмыз. Байлығымыз… бар, енді, Құдайға шүкір. Тек алдыңғылар соңғы екеуінің қайырын көре алмай жүр.
ҚазСтаттың, қала берді күллі салалы ұйымдардың мәліметтерін жоққа шығарып, оншақты шаршы метрде отыздан астам адам, «тығыздық» категориясын айқын сезініп тұрмыз. Көбі кішкентай балалармен келгендер. Ол – ол ма, осы бір қуықтай дәлізде үш есік бар екен. Соның бірі қан тапсыратын бөлме болса, екіншісі несеп тапсыратын орын. Аты жаман соңғысының заты да жаман екенін айқын сездік. Түйсінбедік, сездік, сезу мүшелерімізбен. Әлгі бөлменің жарығы жанбайды екен, сол себепті, «есікті ашық қойыңдар» деді, іштегі лаборант апай. Оған қоса, несеп құйылған құтылардың да қақпағын ашып қою керек екен.
– Что за бардак?! Полный беспредел! – деп бір орыс «тәтей», онсыз да тар жерде қолын сермеп, «сідігі бетіне шықты». Жетпей тұрғаны «исфаһани қылыш». Қазақ қатындары «түш-түш» деп сідікке тұншыққан балаларын жұбатып әлек.
Сыртқа сытылып шығып, құрамында ауыр металдардың консентрациясы шектеулі шамадан бірнеше есе артық Атыраудың ауасын бір жұтып жеңілдеп қалдым. Құдайдың қырсығы ма, қыстың шілдесі кірер шақта көрінбеген қар бүгін қалың түсіп, ауаның райы да аязды боп тұр. Балалардың жылаған дауысы темір есіктің аржағынан ауық-ауық естіліп қояды.
Көпқабатты үйдің бүйірінде орналасқан «орталықтың» алдында темекі тартып тұрмын. Маған қарама-қарсыдағы екі зәулім коттедж кезекпе-кезек бар шамдарын жақты. Жоқ дегенде бар аумағы 500 шаршы метрдей болатын екі үлке-е-ен үй.
…жалпы саяси сауатсызбын, сол себепті де бейтарап һәм бейбелсендімін. Алайда, тап сол сәт мен коммунистерге қосылғым кеп кетті. Сэр Ульиям бұған не дейсіз?! Ия, мен де солай ойлаймын.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Ақпан 24, 2010 at 8:36 тк

7 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Сідік сасыған адамдардың қоғамы, дәлірек айтқанда!

    antijrca

    Ақпан 24, 2010 at 9:33 тк

  2. Осындай әңгімеге арқау болар мысалдарды айтсақ, ғұмырымыз жетпейтін шығар…қашан адам болады екенбіз…

    patick

    Ақпан 24, 2010 at 9:37 тк

  3. Ақылы емхананың қызметі қымбат па?

    urimtal

    Ақпан 25, 2010 at 4:28 тк

    • Қымбат емес екен: кешегіден соң көзжеткіздім

      makym

      Ақпан 25, 2010 at 8:05 тк

  4. Ақша керек, ақша…

    Ақзере

    Ақпан 26, 2010 at 10:49 тк

  5. Адамның 16-18 жылы ғана әлемді, өмірді мөлдіреген көзімен тамашалаумен, таңырқаумен өтеді. Қалған 15 жыл ұнамаған нәрселермен күресіп (адамға бұйырған уақыт мөлшерін ескерсек ақымақтық сияқты), идеалдарға сай еместігіне күйіну, әлем тұрмақ әулетін өзгертуге дәрменсіздігін сезген соң көтін қысып, тағы он бес жыл ақыл кіріп байсалды болғансып тағы өмір сүру. Одан кейнгі он бес жыл жастардың ақымақтығына күлу. Одан кейінгі он жыл, жастардың ақымақтығына қызығу.

    Одан кейін бәріне пох болады.

    Gastarbaiter

    Ақпан 27, 2010 at 8:10 тк

    • Сайып келгенде сенікі де дұрыс сияқты, Гаста. Алайда, Мұхаммед Пайғамбардың Алланың қалауымен әлемді өзгертуі үшін 23 жыл жеткілікті болған екен. Абайда, пайғамбар секілді қырығында Құдай құдіретпен Ғақылиясын бастапты.Содан да болар, өмірдегі құбылыстарды шартты штрих деп қарамай, оларды шартты категорияларға баламайтындығым…

      makym

      Наурыз 3, 2010 at 12:30 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: