Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

БІЗ ҮШІН СТАЛИН КІМ?

with 7 comments

Сталин Ресейдің «жаңа батырына» айналмақшы. Ресми Кремль бұрын бұ тұлғаға қатысты айтарын суыртпақтап, мейлінше жабап-жасқап келсе, ендігі жер оны ашық мәлімдемек. Мәлімдегенде де «көресіні көрсетпек»: Жеңіс күні алдында Мәскеу көшелерінде Сталиннің алып суреттері орналатылады.
Лужковтың Мәскеу ардагерлері өтінішін қанағаттандырғаннан кейін, Петербордағы коммунистер де өз «астаналарының» Нева даңғылына көсемдерінің ақ мундирлі алып паноларын орнатуға тілек білдіріп отыр. Олар, тіпті, «бұл сурет мерекеден соң да қалсын, өйткені, бізде Сталинге арналған бірде-бір мемориал ескерткіш жоқ» дейді. Соңғысын білмедік, ал Нева даңғылын бойлай Виссарионұлы төбеден төніп тұратынына еш шүбәңіз болмасын. Коммунист-депутат жолдас Сергей Савинның «Петербор-Ленинград Сталинге деген құрметі жөнінен Мәскеуден асып түсуі тиіс» дегенін қызылтілдің қыздырмасына баласақ та, ресми Кремль саясатының реңі осы екенін анық аңғаруға болады.
Ресейліктердің өзінің пікірі осы бір тұлғаға келгенде екіге бөлінеді. Бірі оны «бас терроршы» десе, бірі «ұлт батыры» дейді. Қос тарап та өз ұстанымдарын нақты деректерге негізделген ұтымды аргументтермен қуаттайды. Ол заңды да. «Жартылай толы (жартылай бос) стақан» қағидатына сүйенсек, бойларына Сталиндік саясат сіңірген синдромдар саф күйінде сақталғандар мен сарқыншақ деңгейінде қалғандардың ұстанымын да, Сталин салған «ен таңба» өмір-хаятын өзгерткендердің көзқарасын да зерделеп келгенде түсініп көруге болады. Әр кәллада – бір қиял: кімді, не үшін һәм қалай ұнату (жек көру) әркімнің азаматтық позициясы. Алайда, тұтастай елдің билігі бұ тұлғаға қатысты өз көзқарасын білдірген екен, бұл – саясат: осыдан үш жылдай бұрын президент Путиннің ел тарихында баяндауда патриоттық сарын жетіспейтінін баса айтса, шетелден қаржы алып отырған тарихшыларға әдепкі әдетімен «ұрысып» еді. Содан кейін көп кешікпей Ресей мектептерінің оқушылары «патриотты тарихты» оқи бастады. Ондағы тарихи деректердің бұрмаланғаны, не небір нейро-лингвистикалық бағдарлау әдістерінің қолданылғаны туралы пікірлерді сол саланың мамандарына қалдыра отырып, бір ғана мысал келтіре кетейін: 2009 жылғы жарық көрген тарих кітабында, Сталиндік индустриаландыруға 83 бет арналса, 1930 жылдардың басындағы аштық бір абзацпен айтылып өтіпті.
Мәскеудегі метроның «Курская» бекетінің вестибюлінде жазылған (мәтінінде Сталин ұлықталатын) орыстың сонау бір кездегі әнұранын қайта жаңғырту да, жалпақ тілмен айтсақ, «Путиндік саясаттың» бір айшығы екенін аңғару қиын емес.
Егер Алманияда Холокостты жоққа шығару қылмыс болса, Ресейде Сталин қылмысын жоққа шығару, не оны мейлінше кеміту – Кремльдің жаңа саяси ұстанымының элементі: Ресей империясының патшалар мұғдарындағы мемлекетшілдік һәм коммунистік әспетінен ғана ажыраған советтік мифтер –«путиндік саясаттың» тарихи мифологиясы. Ешқандай «фобияға» ұрынбай, барынша объективті призмадан қарайтын болсақ, «путиндік саясат», Ресей үшін – дұрыс саясат: Ельциннің кезінде «жерге қараған» орыстар, енді, «Ұлы Рассеяны» ұлығылап, елдің шын даму дәргейін жасыра алатын кез-келген мифке илануға әзір.
Алмания екінші дүниежүзілік соғыс пен Холокостқа қатысты өз-өзін күстаналап, кінәсін «жалпы ұлттық комплекске» дейін жеткізсе де, одан экономикалық һәм демократиялық жетістіктері кем Ресей билігі ұлттың өзін-өзі бағалауын көтеру мақсатында өткеннің мифтеріне жүгінуге мәжбүр.
P.S. Осыдан бірер жыл бұрын эстондықтардың «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне қатысты қарекеті, ресми Киевтің «Гитлершілерге болысты» делініп жүрген ұлтшылдарын ұлықтауы, Лукашенконың кезіндегі НКВД-КГБ құжаттарын жаһанға жария етуі көзі қарақты, жады мықты оқырманның есінде шығар, әрі оның не үшін жасалып отырғаны да түсінікті болар – бұл да – саясат, тек «антипутиндік», алайда, одан да бұрын, ұлттың өз-өзін ескі күрмеуден азат етуіне алғышарттар: егемендіктің ментальді деңгейі.
P.P.S. Атам жарықтық, «жылымық» делінетін кездерде де Сталиннің саясатын әңгіме еткендерді үйден қуып шығуға дейін барған екен. Қойын дәптерінің ортасына, кейіннен, өзі кеткесін фотоларымен бірге альбомның арасында «Бас қолбасшының» торғайбас қор-қорын тұтатып тұрған суреті де жүретін. Со бір «фронтовик» шалдың дүние салғанына да жиырма жылдан асыпты. Біздің үйде әлі Сталин туралы артық сөз айтылмайды. Мектепте осы бір адамның біздегі аштық пен нәубетке тікелей қатысы бар екенін білсем де, оған қатысты жеке ұстанымым болмаса, «ұлт тарихы» тұрғысынан көзқарасым нық емес.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 1, 2010 at 8:20 тк

7 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Украиндар сияқты ұстаным болмай тұр бізде. Әлі 10 жылсыз бола қоймас.

    Қосақ

    Наурыз 2, 2010 at 12:02 тд

  2. Жақында ғана Астраханнан балдыз келіп кетті,сол айтып еді:
    – Путинді ешкім қолдамайды, ол тек өзің ойлайды, жұрттың бәрі Медведке дауыс береміз – деп жатыр, -деп.
    Соған қарағанда Путин кетеді ыскоро.

    Askabak

    Наурыз 2, 2010 at 9:51 тк

  3. Украиндар 20-жылдардан бергі кезеңде Сталин жөнінде өз пікірін білдірді. Олар да біз сияқты қырылды, жабылды, атылды, соны Ресейден қорықпай айта алды. Міне, жетістігі осы. Ал, біз бұғып отырмыз. Сталин сол замандағы қуғын-сүргінге ең жауапты адам.

    Қосақ

    Наурыз 18, 2010 at 10:59 тк

  4. Бұғып отырмауға кім кедергі?

    Gastarbaiter

    Наурыз 20, 2010 at 6:20 тк

  5. Великие дела, требуют великих жертв. Казақ даласынан Сталин немесе Путин секілді үлы адамадар шықса, балкім сасық қоғам деушілер болмас еді

    Жасулан

    Наурыз 26, 2010 at 10:27 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: