Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Құдайы қойылым

with one comment

Если у вас есть слезы, приготовьтесь пролить их.
Уильям Шекспир

Жақын арада театрдағы қойылымдарда дүр өзгерістер орын алуы әбден мүмкін. Мәселенки, «Жаралы жолбарыс» спектаклінде Махамбет спарттандық сауыт-сайман жүреді, не «Ревизорда» Бобчинксий мен Добчинский бішкектің билбет бешпетін киіп шығады.
Бірақ, бұл «эксперименттер» режиссерлердің шығармашылық ізденісінің нәтижесі емес, мәжбүрліктен туындаған тапқырлық деп білерсіздер – электронды сауданың бергені. Ендігі жерде театрлар реквизиттер мен декорацияларды жасауға әрі жаңартуға керек материалды баяғыша базардан емес, оны сатып алатыны жөнінде сайтқа ілінген хабарландыруға ұсыныс түсірген саудагерден алатын болады. Пәнидің парқын «прагматизм» деп ұғатын шенеуніктер, театрға бармайтындары өз алдына, оның қандай болатынын һәм оны немен жейтінін ұмытқандарын анық аңғартты. Әйтпесе, әлемнің экономистер гильдиясы қаржыгерлер қауымдастығымен бірігіп жіберіп «сұраныс ұсынысты туғызады» мың рет ұрандатса да, елдегі елу театрдың кез-келгенінің бір қойылымға ғана қажет «елу грамм ірімшік пен жарты екі метр мақпал» сияқты сұранысын ешкім де қанағаттандырмайды.
Біреулер тіпті, бұл амалды жемқорлықтың алдын-алу деп қояды. Бірақ, бір қызығы бюджетіндегі миллиардтаған ақшалар ізім-қайым жоғалып кететін кейбір компаниялар мемлекеттің ақшасын «электронсыз» алады. Қызық емес, абсурд! Шекспир өмірді театрға баласа, біздің «театрда» театр ішіндегі театр бар: «Театр» театры мен «Саясат» театры (театрал Бауыржан Ибрагимовтың «театр, театр, театр» дейтін әніне ұқсап кетті, а?!). Соңғы театрдағылардың спектакльдері соңғы кезі эксперименталды труппаның қойылымдары сияқтанады. Тіпті, бір сахнада («саясат сахнасы» демесем де түсінікті шығар?!) бір уақытта бірнеше труппа жүреді. Демек, премьерлер («премьер» – театр терминінде бас рөлдерді сомдайтын, труппадағы елеулі адам) де бір қойылымға жетіп артылады.
Бірақ, бұлардың халықты шақырып, паш етіп отырғандары премьера емес, соның дайындығы іспетті. Ал, Станиславскийшелесек «дайындық орын алатын әрекеттің 75 пайызы спектакльге кірмейді».
Сонымен, соңғы қойылымдардың бірі «Компраматтар соғысы» спекталінің дайындығы. Авторы жоқ драманың апофеозы режиссерге де белгісіз спектальдің фабуласына тоқталып, ремаркасын айту ақымақтық болар. Алайда, жиі ауысатын мизансцена мен үдеген темпо-ритм «ақырында не болады?» деген ойға жетелейді бәрібір. Өйткені, конфидант мимге айналып, бұрынғы статисттер мен фигуранттарға тіл бітуі, кейбір, екінші пландағы актерлердің трюмға түсіп кетуі жиналып келіп, пуант киіп «төменгі брейк» билеген шалды елестеді көз алдыма. Кейбір театр әртістерінің диалогтары интернеттен табылғанда да, Густав Холоубектің «егер екеу сөйлесіп, үшінші біреу олардың әңгімесін тыңдап тұрса, мұны да театр деуге болады» дегені есіме түскен-ді. Шахматшы рөлін сомдайтын Әбіләзовтың бейуақыт атылған мылтығы мен әккі әртіс Әлиевтің тирадасы да, «Залдағы жарықты жағыңдар! Жалғыз өзім қорқып отырмын» деуге дейін жеткізді мені. Мына бір «ОБСЕ» деген кейіпкердің де не клака екені, не тұтас труппа оның субреткасы рөлін сомдап отырғанын білмеу менің мазамды қашырып отыр. Әлде бұл – Жапондардың қуыршақ театры, қуыршақ театры болса да кабуки сахнасында қойылатын дзерури ма? Олай болса, «біздің өміріміз – театр, оны циркке айналдырмаңдар» дегім-ақ келеді. Әйтпесе, станиславскийше «сенбеймін!» деп айқайлағым келеді, себебі, олар залда халық барын, сахнадағы бар қарекеттері түптеп келгенде сол көрермен үшін жасалатынын ұмытып кеткен сияқты.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 3, 2010 at 9:51 тк

One Response

Subscribe to comments with RSS.

  1. Дантенің «Божественная Комедия»-сы есіме түсіп кетті:)))

    Gastarbaiter

    Наурыз 4, 2010 at 4:18 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: