Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

14 шақырым, 23 көше, 8 үй және Президент

with 8 comments

Әлемдегі ең ұзын көше – Канаданың Торонтосындағы Онтарио көлінің жағасынан басталып Рейни Ривер қаласына дейін созылатын көше – Yonge street (Йонге көшесі). Ұзындығы – 1986 шақырым. Ал, Қазақстандағы ең ұзын көше Текелідегі Дінмұхамед Қонаев көшесі саналады. Ұзындығы – 35 шақырым. Алайда, мен әңгіме еткелі отырған көше бұлардың бәрінен де ерекше,ұзындығы 14 шақырымға озылатын Қызылжар көшесі Атырау облысы Исатай ауданының Нарын селолық округіндегі бұл көшеде бар болғаны 8 ғана үй бар – ерекшелігі де сол. Мұны кеше «Атырау облысындағы көшелер» кітабынан білдім. Кереғарлықтарға толы қоғамымыздағы парадокстың біріне қосып қойдым. Бұл кітаптан және білгенім, облыста Исатай Тайманұлы атындағы 23 көше бар. Абай мен Махамбет атындағы көшелер саны 22 екен. Дина мен Құрманғазы атындағы көшелер саны сәйкесінше 12 мен 15. Ал, Жамбыл атында 17 көше болса, Амангелді Имановты ұлықтайтын 14 көше, Сейфуллинге арналған 11 көше бар екен. Алдыңғылары түсінікті ғой: жергілікті тарихи тұлғалар, ал, соңғылары ше?! Осы орайда, ұлтшылдық ұстамалым сырт беріп, «Неғып «Қызылдар» – Иманбаев пен Сейфуллиннің орнына қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек аты берілмейді, Азаттық үшін күрескен Хан Кененің атымен неге атамасқа» деп жіберуіме де болар еді. Алайда, менің айтпағым бөлек…

Айталық, Амангелді Иманов атындағы көшелер саны Атыраудың өзінде 14 болғанда, ел бойынша, 70 жетіп жығылатын шығар? Неге жетпіс дейсіздер ғой… Қазір… Егер, осы 70 көшеге… Жоқ, дұрысы, 70 ауылға Нұрсұлтан Әбішұлының 70 жылдығына орай Президент атын берсек. Кемінде осы жетпіс ауылдың тұрмысы түзелер ед. Әр облысқа 3-4 Нұрсұлтан Әбішұлы ауылынан тисе, облыс әкімдері әуелі соның әлеуетін ойлатын болады. Әр ауылдың шаруашылық бағытына, яки, өндіретін шикізатына орай, сол ауылда оны өңдеу һәм өнім қылу кәсіпорындары ашылса. Кім ашады дейсіз бе? Шетелдік инвесторлардың Нұрсұлтан Әбішұлына жасаған сыйлығы сол болсын. Ауылшаруашылығының сан саласына бейімді 70 ауыл – «70 Аргарлық көшбасшы». Мен секілді мұратшыл утопистке де абстрактілі көрінетін «Ұлт көшбасшысы» секілді бастамадан көрі, осы ой оңтайлы секілді.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 5, 2010 at 9:30 тк

8 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Өте дұрыс ойлайсың, енді іске асыру керек.

    Қосақ

    Наурыз 5, 2010 at 10:53 тк

  2. Жасасын президент! Жасасын Нұротан! Тамаша идея! насихаттау керек әр жерге!

    Fara

    Наурыз 10, 2010 at 4:21 тк

  3. Бұл жаңалық төбемнен метеорит түскендей, үйдегі бұзау еміп қойғандай, артымнан бұтақ кіргендей т.б.д.п әсер етті.
    Блог басшысының бұл бағытын түгелдей қолдаймын!

    Тышқанбай

    Наурыз 11, 2010 at 12:10 тд

  4. Нұрбергеннің блогында Нұрсұлтанның Нұротаны туралы айтылғаны нұр үстіне нұр құйғандай нұрланып түсуде, әнасссссс…..

    Жұмыссыз жалқау

    Наурыз 11, 2010 at 6:58 тд

  5. Біздің ауыл атын: «НұрСұлтан Назарбаев» атындағы ауыл -деп өзгертсе…Нұротан партиясына кірер едім.

    Тышқанбай

    Наурыз 11, 2010 at 4:25 тк

  6. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі болады ғо онда

    patick

    Наурыз 11, 2010 at 5:34 тк

    • Жоқ қателесесің, қайда барсаңда Тышқанбайдың артына бұтақ боп кірген жаңалық.

      Gastarbaiter

      Наурыз 14, 2010 at 4:44 тд

  7. makym! rakym.wordpress.com kyp ozgert!

    Тышқанбай

    Наурыз 17, 2010 at 1:38 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: