Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

«Сорлының» сонеті

with 6 comments

Гастарбайтердің әлгі бір тақырыбынан соң (бұған дейін де айтылып жүр ғой), ойға қалдым: шынымен неге қазақ тілді журналистика соншалықты сорлы. Ия, қазақ журналистикасы емес, қазақ тілді журналистика. Өйткені, «ағылшындар репортажды образдан бастайды, америкалық оқиғамен бастап, оқиғамен аяқтайды» деген сияқты әлдебір штрихтармен шарттау болмаса, журнализм де мектеп жоқ. Сәйкесінше, ағылшындық не америкалық, қытайлық не жапондық, кениялық не жаңа зеландиялық журналистика деп бөлу сауатсыздық. Журналистиканы тек екіге бөлуге болады: жақсы және жаман. Уа, және, оппозициялық, ұлтшыл, пробиліктік һәм пропартиялық та журналистика жоқ. Бары жақсы не жаман журналистика. Ал, оны анықтау, яки, критерий оқырман көңілінің хошы: сайып келгенде журналистің бар кәсібилігінің де бағасы осы.
Сонымен, «қазақ журналистикасы» дегенімізден гөрі «қазақ тілді журналистика» дегеніміз сауаттырақ боларын бағамдап алдық делік. Енді, оның неліктен аталған «статуста» тұрғанын пайымдасақ. Проблема кешенді. Сәйкесінше, факторлар көп және бір-бірімен астасып жатыр ол себептер.
Біріншіден, қазақ тілді журналист деген кім өзі? (Әлбетте, жиынтық образ тұрғысынан айтып отырмын). Тілдік қоры мол, әдемі жаза алатын адам, қысқасы, «Даль мен Ожеговтың сөздігі». Басты да жалғыз критерий осы. Неге бұлай? Өйткені, ата-бабасы шешен, сапында төрт сөздің басын құрай алмайтын адам болмаған қазақтың қазіргі күйі адам танымастай: адамдар өз ойын анық та айқын жеткізе алмайды – сұмдық деградация. Деңгей: тұрмыстық қарым-қатынас. Әрі кетсе, офистік. Осыдан келіп, кітапты көп оқып, лексиконы «қорамса», «адырна», «ңөң» деген сияқты небір сөздерге бай, өз ойындағысын қағаз бетіне түсіре алатын адам материал жаза бастайды. Ол да қоғамның өкілі болғандықтан, бұқараның ойындағысын анық табады. Онысы өз ойын «жоғырдағыға» тұрмақ, көршісіне орысша мен боғауызсыз жеткізе алмайтын халыққа және ұнайды. Мінекей, ол қазақ тілді журналист болды.
Сосын, утопистік мұратшыл қиялилар келеді қазақ тілді журналистикаға (мен сияқты). Мыңның біріне жауап таба алмай лағып жүргенімен қатар «Неге қазақ бұлай? Неге қазақ олай?» деген эмоциялы-популистік қағидатымен, қазақтың ұлтшылдық қасиетін оятатынына шын сеніп келеді. Дәлірегі оларды осы санатқа қосып жұмысқа алады. Неге алады деймісіз? Өйткені, кадр жоқ. 30-50 мың теңгеге журналшы бола алатын адам келмейді. Жорналшы бола алады дегенім кім? Ол –бір саланың скептик сарапшысы. Ал ол, сарапшы болғасын да әлгі жалақыға бір ай отбасын асырамай алмайтынын біледі. Скептик болғасын, «қазақ үшін жан пида, жалақысының атасына нәлет…» деген ойдан ада. Қарымы бар екен, PR не MR менеджері бола салады.
Ондашы, неғып әлгі қиялилар мен графомандарға дұрыстап білім бермейді?
Бұл да бір шешімі шеңберлі мәселе һәм екінші шешуші фактор. Бірде, белгілі («белгілі» ортада белгілі) журналис Мұхтар Жанұзақтың әңгіме барысында «КазГУ-дың бізге бергені нөл ғой» дегені есімде қалыпты. Бетке ұстап жүрген «кәсіби» журналистеріміздің осы «альма-матерден» аттанғанын ескерсек, басқа оқу орындарындағы «журналистика факультеттері» мен «журналистика бөлімдерінен» не қайыр?! Қазақтың скептик әрі сауатты журналистері «Алаш» қозғалысының мүшелерінен кейінгі қазақ тілді журналистер коммунизмнің иезуистік идеологиясына инанғандардың көзі әлі тірі. Әлі материал жазады, әлі сабақ береді корифейлер.
«Басқа саладан келгендер КазГУ-лықтарға қарағанда әлде қайда мықтырақ журналис». Бұл бір апайдың айтқаны. Атын жазуға, есімі ойының әрін кетіреме деп отырмын. Білетін адам біледі. Бастысы ойы шын.
Познер бар ғой, сол журналистиканы оқытуға қатысты мынадай ұстаным ұстанады: «Журналистика факультетіне мектептен кеше шыққан оқушыларды алуға болмайды. Олар, қанша гений болса да, 4-5 жыл ішінде «жұртқа ақыл үйрететіндей» багаж жинап үлгермейді».

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 17, 2010 at 9:04 тк

6 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Познер дәл айтыпты…Менің журналист жайлы басым қататыны шамалы, бірақ интернеттерді топастандыратын бірден бір құбылыс болса, ол максимал мектеп оқушылары мен өмірлік тәжірибесі кем абитуриенттер.

    Gastarbaiter

    Наурыз 17, 2010 at 10:34 тк

    • Сосын, мен сияқты студенттерді қосып қой)))
      Журналистеродағынсс!

      makym

      Наурыз 17, 2010 at 10:48 тк

  2. Проблема бар. Оның рас. Бірақ шешу жағын да ойластырсақ.

    urimtal

    Наурыз 17, 2010 at 11:16 тк

  3. Асеке, ол үшін алдымен сіз сияқты энтузиасттарды іздеуіміз керек шығар))). Бірер жоба бар. Оны кейін, бәлкім, БарКэмпте кездескенде талқылармыз)))

    makym

    Наурыз 18, 2010 at 12:14 тд

    • Баркэмпке келемін деген ниетіңді біліп қуанып отырғанымды көрсең ғой 🙂
      Біздің де энтузиазмымыз шексіз емес қой. Мұңға толы жазбаларды оқыған сайын оның да көлемі кішірейе береді 🙂 Ниеттестер көп болса, шабыттанатынымызды өзің де жақсы білесің.

      urimtal

      Наурыз 18, 2010 at 12:18 тд

  4. Мен былай айтар едім. «Орыс» немесе «орысша» десе төбе шашымыз тік тұрып, қаша жөнелетініміз қызық осы. Ал бізге орстардан үлгі алу. ол еш қазақты кемсіту емес. Менталиттеті ескеріп сәл түзеумен, Корей халқының тәжірибесімен де бөлісуге болады.
    Орыстар өздерін ұлы халық санай тұра, біздің үй шаруасындағы әйелдер өліп көретін бағдарламалар, қозғайтын тақырыптары мен әдістерін Еуропадан, Америкадан, жалпы бүкіл әлемнің тәжірибесінен «көрсетпей сұрап алады». Сапалы идеяның сапалы жүзеге асырылуы қашан да халық көңілінен шығады, ол қанша жерден біреуен қарызға сұралған идея болса да. Керемет мысал, АВАТАР. Ол жартылай әр жерден плагиат болғанымен, жүзеге асырылуы негізінде жатқан барлық түпнұсқаларынан асып түсті. Нәтижесі «куш» түсіріп,соңынан тағы екі сериясын көруге түскі асын тікелей мағынада жерге қоюға бар миллиондаған «уау шешесс» деген көрермен қалды.

    Неге мен «Қазақ журналисті» пәлен түген деп ешқашан айтпасам да көбі мені «Журик-хейтерлер» қатарына жатқызғысы келеді?
    Горе-журикердің проблемасы барлық жерде, барлық ұлтта бар. Ал атап айтқанда біздегі журналистика дағдарысына сен жазғн себептерден бастап, тамыры тереңге бойлаған, жан жақты, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, саяси аса ауқымды мәселелер әсер етеді.
    Оны тізіп жазу үшін бір кітап кетеді.Және бір ұшы қалай айналдырсаң да билік басына тірелетіндіктен. Тыныштық керек деп үнім өшеді.

    Гастарбайтер

    Наурыз 20, 2010 at 8:09 тд


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: