Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Жаңа жыл алдындағы ағынан жарылу

with 5 comments

Жаңа жыл келіп қалды. Кімге қалай екенін қайдам, өзім үшін Наурыз – межелі кезең. Бұған дейін өз-өзімнен есеп алып көрмеппін. Бірер күнге болмаса, жақын болашаққа жоспар да құрып көрмеппін: өмірімде осы уақытқа дейін орын алған елеулі-елеусіз оқиғалардың бәрі аяқ астынан, қас-қағым сәттік шешімдерден орын алыпты…
…Жаз.Алматыдағы әскери училищеде оқуға түсуге дайындалып жүрген кезім: Таң бозара тұрып жүгірем, өзенге түсем – қысқасы: «физподготовка», өз әлімше. Сондай күндердің бірінде, жергілікті арнадағы «Таң» бағдарламасынан бір жүргізуші қызды көріп қалдым. Шын ұнаттым. Өмірімде алғаш рет.
Таңғы шай басында анамнан сұрағаным есімде. Танитын болып шықты. Кішкентай қаламыз ғой, журналистері – қарты да жасы да бір-бірін жақын болмаса да сырттай таниды. Универдің журналистикасында 2 курс оқиды екен. Сол күні сол бөлімге мен де құжаттарымды тапсырдым.
Екі жылдан соң сол қызбен Жайық жағасында қыдырып келе жатып, үйленгім кеп кетті. «Үйленейік» дедім. Ол ішіп келе жатқан суына шашалып қалды. Көп ойланбастан (жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт) келісімін берді. Бір айдан кейін отбасылы адам болдым да шықтым. АХАЖ бөліміндегілер де, тойханадағылар да той маусымы кезінде кемінде айжарым уақыт бұрын хабарласып қою керек екенін айтты. Жә, дедік, сайып келгенде некеңді заңдастыру да, оны атап өтуде шартты штрихтар ғана ғой.
Әу баста, жұрттың «сен шығарманы жақсы жазасың ғой» дегені болмаса мен журналис боламын деп тіптен ойламайтынмын. Оған қоса, әкем мен анамның сол салада жүргені жетер дейтінмін (Енді, міне, олардың қатарына әйеліммен мен де қосылып отырмын. Інім де қазір, журналистикада оқып жатыр. Білуімше, оның пассиясы да осы мамандықты таңдапты…). Бәрінен бұрын, бұған өзім дайын емес едім. Моральдық тұрғыдан… Барынша примитивті өмір сүруді қалайтын менің аскеттік дүниетанымыма, біреудің жоғын жоқтау не боғын іздеу, біреуді мадақтау не масқаралау жат-тын. Бірақ, Хакім Абай, айтпақшы, «Адамның мінезін түзеуге болмайды деген адамның тілін кесер едім». Қазір, нағыз популиске айналып біттім. Мұны өз-өзіме есеп беруде бір деп түйіп қойдым. Мектепте денешынықтыру, алғашқы әскери дайындық, еңбек сияқты пәндерден басқасынан дәлізде жүріп дәріс алған менде қандайма бір іргелі ғылымға не айтулы ілімге деген ыңғай жоқ. Білімім 8 сыныптың оқушысымен физика бойынша пікір-таластыруға жетпейді. Бірақ, даурығып дес бермесім анық. Популиспін.
Осыдан бір жыл бұрынға дейін мені отбасын асырау, үйлі болу, машина алу, бала өсіру сияқты нәрселерден басқа дүние аса қызықтырмайтын. Алайда, өткен жылы қолым интернетке жеткелі жеке-даралық, тұлғалық туралы ойлайтын болыппын. Әлбетте, провинциялық өремен. Сондықтан да, «бағындыру» секілді амбиция болмағанмен, Алматының ортасына сіңісу дейтін ой бар. Қырт қиял, а?! Алматы да мені біреу күтіп отырғандай… Бірақ, бұл – мақсат! Демек, бір жыл ішінде мақсатшылдық дейтін қасиет те пайда болыпты. Мақсатшыл популис… Қоғам үшін бұдан кесірлі адам жоқ шығар ))))))
Жаңа жылдарыңмен!!!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 18, 2010 at 11:37 тк

5 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. керемет! мақсатыңызға жетуіңізді тілеймін.

    arsenal777

    Наурыз 19, 2010 at 9:37 тд

  2. келіп кет алматыға…көрсетейін, таныстырайын…қалу*қалмасын өзің шешерсің

    patick

    Наурыз 19, 2010 at 8:39 тк

  3. Енді ұнаған қызыңды бағындыра алсаң, Алматы неге бағынбас? ))

    Ақзере

    Наурыз 19, 2010 at 9:39 тк

  4. Қырт қиял емес. Бақыт жолы біз ойлағаннан оңай сияқты.
    Ең бастысы сол қиял орындалғанда, «ұмтылғаным бұл емес еді» демей, «міне-міне арманым, осы ғой түсімде көргенім» деп алайқаласаң жалғанның ғанибеті сол. Кейде, қалаға сіңісуді дөкейлер көп жарнамалап асыра баға берген бе деймін. Оған көп еңбек керек, көп тыраштану керек, көп қуатыңды шығын қылу керек деп, бәлкім екеуміз сияқтыларға сол арманды «қымбатырақ» сату үшін де шығар бәлкім. Білмеймін. Бастысы:
    Ынта бар. Талап бар. Мен жолаушыға мықты денсаулық пен ағайын туыс бауыр доспен жылы қатынас үзбеуден басқаны тілемейтін сараң адам едім. Осы жолы да сол дәстүрден тайғым келмейді.

    Гастарбайтер

    Наурыз 20, 2010 at 7:43 тд

    • ия, соны айтам, жарты сагатка ЖЕТЕР ЖЕТПЕС УАКЫТТА унаткан кызына уйленуге келисимин берсе, мыкты болган екенсин))) әлбетте, кетем десен жарты сагатка жетер жетпес уакытта Алматы емес, онын ар жагына да асып кететин турин боп турго

      М.

      Маусым 22, 2010 at 9:46 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: