Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Байғұс қазақ қызы

with 6 comments

Қазір, өз әлімізше ұлттық идентификациялану үдерісінен өтіп жатырмыз ғой. Осы процесстегі маған анық ұнамайтын бір айшық – қазақ қызының эталонын жасау. БАҚ арқылы анау да тиіседі қазақ қызына, мынау да тиіседі. Кей-кезі байғұс қазақ қызын аяп та кетемін. Ол да адам баласы ғой деп…

Біреуі шығады: «Қазақ қызы ешқашан бетін тұмшаламаған». Уа, көке, біз зайырлы мемлекетте тұрып жатырмыз. Паранджалы қыз көрсеңіз ішіңіз өтіп кете береді екен, заңға қарсылық білдіріңіз. Әйтпесе, қанша игі мақсатты көздесеңіз де, өзіңіздің ұлттық палитралы мораліңізбен адамдардың құқығына қол сұғып отырсыз.

Ұлттық қауіпсіздікті меңзеп едім дейсіз бе? Онда, құдай үшін, мәселені сол клишеден қарастырыңыз. Қазақ қызын кірістірмей. Рассматривайте проблемы в иной плоскости: то бишь, причины, повлекшие данный субъект к данному выбору; вытекающие отсюда обстоятельства, то есть, факторы прямой угрозы нац.безопастности. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік мәселесін тарихи тәмсілмен шешу… Жиренше шешендер заманында қалған.

Сосын, көке, не ғой: бұл жерде «ешқашан» деген сөзіңіз сондай орынсыз. Пәленбайыншы жылдың пәленінші айының пәлен күнінде бірінші қазақ қызы бетін тұмшалағаннан бері бұл сөзді қолдану… А-а, түсіндім-түсіндім, сіз баяғыда деп отыр екенсіз ғой. Онда, баяғыда қазақ қызы бетін тұмшаламаған, Сhiristian Dior әтірін сеппеген, кино қарамаған, Ньютон заңын білмеген… Құдайым-ау, киіз үй шеңберінен тыс дүниенің бәрін аластатайық онда қазақ қызынан.

Өткен біразда, бір шал (шал екенін көршіміз болғандықтан білем) көлдей етіп мақала жазыпты газетке, «Бұрымды қыз – бұрынғы қыз» деп. Қазір, қыздардың шашы қысқарып кеткеніне, бұрынғыдай ешкімнің шаш өсіріп, шашбау байламайтынына налиды, очм. Сосын, ұрсады, енді… Бірақ, осы шалдың қызы мен келіні тұрмақ, жетпіске жақындаған кемпірі де шашын қызыл түске бояп алып жүр. Ептібайымайд-ай! Осы шалдың бұлайша көлгірсуіне моралдық құқы бар ма?! Жә, бұл шалды қойш – маразм ғой. Аға ұрпақ атанып жүргендердің осындай құқығы бар ма?!

Олардың тек қазақ қызы емес, жалпы, біздің ұрпаққа қатысты қандай ма бір нәрсеге өкпелеуге құқы бар ма?! Адами тұрғыдан, әлбетте. Кез-келген теңдеуді шешу барысында бір ғана амалдан қате жіберілсе, дұрыс шешімге қол жеткізу мүмкін емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Соның ішінде, мұны бізге үйреткен аға ұрпақ та. Ал, өмір Пуанкаре теңдеуінен де күрделірек сияқты. Ондашы, бір теңдеуде 1 000 000 қате жіберіп алып, нәтижесінде шыққан «Ү» ( «Y generation» деп оқысаңыз да болады) мәніне ренжудің қажеті қанша?! Бұл, енді, «2+2 мәні неге 5 немесе 4569 болмайды?!» деп Перельманның ашуланғаны іспетті көрініс: не абсурд, не Перельман қуып кетті.

Ал, жарайд, не бір құйтырқы технологиялардың бәрімен қазақ қызы атаулыны жаппай ибалы, арлы, ұятты, инабатты, қойшы, әйтеуір бар тәуір қасиетті бойына сіңіріп, шашын өсіріп, бүрмелі көйлек киіп жүрсін. Онда, олардың әлгі бетін жапқандардан не айырмашылығы бар?! Міне, саған, инкубатор, тойыс, эталон (терминдерден көп шатасам, осы)!

…біз өзімізді де-факто әм де-юре тәуелсізбіз деп жүрміз ғой. Бірақ, ментальді деңгейде емес екенбіз. Құдды «енді, өзі иелігің өзіңде» деп, далаға апарып тастаған қой сияқтымыз. Сатыбалды, сенің «мал, әкесс!» тіркесіңнің сыры осы ма ед?!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Маусым 15, 2010 at 7:22 тк

6 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Тұщымды ойлар жинақтапсың.Келісетін тұстары көп.

    vkototy

    Маусым 21, 2010 at 5:17 тк

  2. Ашынған әскер адуын деген осы да!

    Мейіржан Әуелхан

    Маусым 21, 2010 at 6:43 тк

  3. Сорлы тақырыптар хитпарадында «Оян Қазақ» -тан кейін екінші орында тұр ғой бұл тақырып.
    # Қазақ қызы қандай болуы керек? Әлдебір қырттардың идеалдарын бұтына қыстырмай, өз ойымен жүретін тәуелсіз әйелдер бәрібір болады. Сосын бұндай талапшылдықтан, жасандылық көбейеді. Көбісі идеалдың сыртқы көрсеткіштеріне талпынады. Сыртқы киімнің жабықтығы, көзбояу сыпайылықты “дұрыстықтың” жалғыз көрсеткіші етіп қабылдайды. Ал “дұрыстық” әркімде әртүрлі. Талғамға талас жоқ. Сондықтан әлгі ел мақтаған идеалға жетсем, 100 пайыз бәріне ұнаймын деген ой әрі кетсе ғылыми фантастика ғана. Жүз пайыз бәріне ұнауға тек бір жағдайда ғана болады, егер сен аты шулы “мінсіз әйел болсаң”. Бірақ мінсіз әйел ұлтқа қатысы жоқ бөлек әңгіменің тақырыбы.

    Gastarbaiter

    Маусым 21, 2010 at 10:14 тк

  4. //Біреуі шығады: «Қазақ қызы ешқашан бетін тұмшаламаған». Уа, көке, біз зайырлы мемлекетте тұрып жатырмыз. Паранджалы қыз көрсеңіз ішіңіз өтіп кете береді екен, заңға қарсылық білдіріңіз. Әйтпесе, қанша игі мақсатты көздесеңіз де, өзіңіздің ұлттық палитралы мораліңізбен адамдардың құқығына қол сұғып отырсыз.//

    Егер әлгі кісінің осылай өз ойын ашық білдіргені – оның әлдекімдердің бостандықтарына қол сұққаны болып есептелетін болса, онда сен де дәл солай әлгі көкеңнің сөз бостандығы хұқығына қол сұғып отырған болар едің.

    Осы жерде (сөз бостандығыңды пайдалана отырып) осылай жазып отырған дәл сен/мен секілді ол да өзінің (конституциялық хұқығы шеңберінде) жеке ойын білідіп жатыр.
    Ал егер ол көкең іс жүзінде қарсылық әрекеттерін (паранджасын жұлып алып немесе тссс) білдіріп жатса, сонда ғана әлгі «ниндзяның» конституциялық хұқықтарының аяққа тапталғаны туралы сөз қозғауға болар еді.)))

    ken

    Шілде 6, 2010 at 1:13 тд

  5. Қалай десек те паранджа киген қыздарды қоғамнан шеттемеу керек.Кіндігін кеудесін көрсетіп жүретін қыздарға қарағанда, солардікі дұрыс қой.

    Ғазиза

    Қаңтар 8, 2011 at 4:08 тд

  6. Хиджап кисе де өзіне жарасымды етіп кигендері дұрыс.Салпылдатпай.Не жейді , не киеді ол әлгі қыздың өз мәселесі ғой шындығында

    Abilakim

    Ақпан 15, 2011 at 5:56 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: