Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Pappa-pia!

with 6 comments

«Ребенок зачатый, родившийся и воспитанный в любви, будет умнее, красивее и сильнее других»
да Винчи

Соңғы кез осы туралы көп ойлатын болыппын. Солай болуы тиіс те шығар. Әке болғасын. Алайда, менде тағы бір себеп бар: мен әкеліктің не екенін білмейді екем. Жоқ, сезім не сол секілді абстрактілі категориялар тұрғысынан емес. Кәнігі, «әке қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап беруді айтам. Бұл туралы ойлана бастағанда әкем жоқ-тын. Әкемді үлгі етерге, ол туралы естеліктердің өзі – фрескалар: әдемі, жып-жылы, алайда, үзік-үзік.

Дін исламда әкенің ұлдың алдындағы үш парызы туралы айтады: жақсы есім беру, жақсы тәрбие беру һәм жақсы жерден қыз алып беру. Қисынға салса, бұл қыз балаға да қатысты. Біріншісін өз әлімше, орындағандаймын. Енді, екіншісі – ең күрделісі… Үшіншісіне дейін, Құдай жеткізсін.

Жалпы қазақы болмыстық дүниетанымда әкенің қыз тәрбиесімен айналысуы қаншалықты орынды екенінен бейхабармын. Алайда, әлдебір тарихи-идеологиялық штамптардан тысқары ойласам, қыз бала не ер бала деп бөлу – қыртыған әңгіме.

…ол қазір кішкентай. Бірақ, біз – анам, мен, жолдасым жақын болашақтағы оның өмірін өзіміше жоспарлап қоямыз. Анам айтады: музыкалық мектепке берем дейді. Не фортепиано не скрипкаға. Әйелім айтады: би үйірмесіне берсе, жақсы болар еді. Мен айтам: сурет үйірмесіне беру керек – әне жардағы қолдарының ізін қараш: тура сюрреализм.

Сосын, ойға қалам: біз осы бала арқылы, өзіміз – анам, мен, жолдасым – жүзеге асыра алмаған нәрселерді жасауды көздеп отырған жоқпыз ба, осы? Самореализоваться за счет ребенка! Өйткені, анамның тым тәуір музыкалық қабілеттері бар. «Оқытпаған ғой, бізді, ауылда» деп отырады. Әйелім тұрмыс құрғаннан кейін бишілігін қойып кетті. Өзім, әлі де сурет салғанды ұнатам.

Мүмкін, балам, тіптен еркін өсуі тиіс шығар. Өзім солай өстім. Әлі де солай ойлаймын: өз-өзіңді һәм дүниені тану үшін еркіндік керек. Қай-қай категориядағы да…

Жалпы, осы ойлар көп бас ауыртатын мәселелерім болып барад. Ондағы түпмақсат: әлгі бір, осы балам қартайғанда аузыма су тамызсын деген емес. Мен бұл бала үшін жауаптымын да: қоғам алдында, қала берді, Құдай алдында.

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Шілде 20, 2010 at 9:34 тк

6 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ия, суреттер өз алдына бір төбе екен, әкелі-балалы тандем, идиллия, жайма шуақ күн.
    Осы бар ғой, бір күні кімнің де болса қалжың-қылжақбастықты қойып, шын жүректен жазатын бір жазбасы бола ма деймін. Мынауың сол жазба сияқты. Кенеттен кернеп кеткен сезіммен жаздың ба деймін 🙂 Жәй, өмірдің өзі дейміз бе, әйтеуір ұрансыз-декларациясыз аз жазбалардың бірі екен.

    +5!

    technosyndrom

    Шілде 22, 2010 at 6:40 тк

  2. Махаббаттан туға жазба. 🙂

    Ақзере

    Шілде 26, 2010 at 7:27 тк

  3. Негізі баланы неше түрлі үйірмелерге берген дұрыс, уақыт өте келе, бала өзі қайсысына бейім болса соны таңдайды.
    енді-енді қарапайым адамға ұқсап келесің 🙂

    Қалдықыз

    Шілде 27, 2010 at 9:19 тк

  4. Екінші фотода анасынан аумай қалыпты 🙂

    patick

    Шілде 27, 2010 at 9:25 тк

  5. Негизи балага кереги еркиндик. Еркин оскен бала ойын накты айтып, иске асыра алады. максатына да кол жеткизетиндер солар. Жаксы аке екенине сенем 🙂

    12aikon1986

    Тамыз 2, 2010 at 7:08 тк

  6. Бір күні, иншАллаһ, осы жазбаңды да қызың оқыр. Оқып, өзінің әкесі үшін мақтанар!
    Жазбаң жаряланған күні оқып едім, осыны. Бірақ не деп пікір қалдырарымды да білмедім. Қызық. Жүрегіңнің түкпіріңдегі иманың түртпектеп жүр-ау…

    urimtal

    Тамыз 18, 2010 at 6:15 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: