Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

КОМИК(С) №1

with 3 comments

Ол
…кездейсоқ секс кезінде, не дәрігердің оба деген диагнозынан соң, алты айдан кейін өлетіні сияқты, кездейсоқ секстен соң, не ата-анасының алты айлық рухани һәм ағзаи тазарудан өтіп, шариғат шарттарымен «жасалғаны» белгісіз, бірақ, тектілік туралы жиі айтады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, миллиардтың ішінен неге дәл өзінің бірінші болғанының кениялық спринтер қисынын келтірер, ал, ол «құдайдың қалауы» дейд. Солайы солай ғой. Алайда, неге құдай сені таңдапты? Спринтерлік үшін емес екені анық…

Жүрек
Рождение
(божье творение!
Фатум – лишь время),
вдохновение
(возникшее виденье,
во вдохе восхищения),
сомнение
(рожденная безверием,
слепком угнетения),
умиротворение
(беззвучное пение,
во всенощной бдений) –
Все лишь к смерти стремление,
в ритме сердцебиения!

Эллоу Патаксон

Өзі туралы жиі еске салатын болғандықтан шығар, жүрек туралы көп ойлаймын (бәлкім, такихардиям емес, гастритім болғанда, асқазан туралы толғанар ма едім?!).

Меніңше, әу баста, Құдай адам өмірін белгілегенде, осы жүректің соғысымен өлшеп беретін секілді. Әйтпесе, жыл тұрмақ, секунд те біз – адамзат ойлап тапқан шартты штрих қой.

Сол себепті де, қатты қуану да, қатты қайғыруда (екеуінде де жүрек соғысы жиілейді) адам өмірін қысқартады. Абайша айтсақ, фәнидің қуанышы мен қайғысы, ахиреттің қуанышы мен қайғысынан артық болмауы керек. Сонда ғана жүрек тыныштықта болады. Әйтпесе, адам тәні мен фәни жүрек үшін – д’әл әль-хараб! Жүрек соғысы – яки, маңдайыңа жазылған уақыт, әлгі назымдардың компенсациясына айналады. Бұл орайда, жүрекке түсетін басқа бір физиологиялық әсер туралы айтпаса да болады…

Сосын, ойлайм: асылы құдай әйелді жаратқанда Адам атаның жүрек тұсындағы қабырғасын алған болса керек. Содан бертін, әйелді жүрегіңе тым жақындатсаң, жаншып тастайды, алшақтатсаң, жүрек қорғансыз қалмақ…
Бұ да, Құдайдың бір қалауы да…

Мен
Пяншікпін, атаңанә…

Стереотипінсс…
Бар адамзат атаулы өмірге қазақша келеді – көп күттіріп. Алайда, ағылшынша кетеді – ешкімге ескертпестен. Осы екі аралықта, өмірді сыған құсап кезеді. Үнділердей жақсы көріп, француздардай ойнас құрып, италдардай ажырасып. Орыстардай ішіп, арабтардай құдайға сыйынып…

Advertisements

3 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. атаңанә… ))))))))))))))

    patick

    Шілде 29, 2010 at 8:41 тк

  2. Білесің бе, жақында әріптесім қызды болды. Есімін Мәриям деп қойыпты. Сол мынадай қызық айтты. «Қызым жылаған кезде анасы көтерсе, дереу жылауын доғарады» дейді. «Неге?» десем. Себебі анасының ішінде жатқанда оның жүрек соғысы анасының жүрек соғысымен бірдей болған. Сондықтан анасы оны құшағына алғанда жүрек соғыстары да теңеледі екен.
    Ананың құшағы неге ыстық екенін енді түсіндім… Басқасын қайдам, бірақ сенің жүрегің – жұмсақ. Жүрегі қатты адам мынадай нәрсені сезіп, жаза алмайды.

    urimtal

    Тамыз 18, 2010 at 6:23 тк

  3. […] қызықты бір жазбаны Нұрбергеннің блогынан көрдім. Комик(с) атты жазбасында автор көңіл күйін ислами түсінік […]


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: