Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Комикс №3.Мәдениетсіздік-1: Рецензия!

with one comment

«Апщение-печенье болмаса, культура-мультура қайдан болад?! Мәмбет болмаңдарш, нақ!»
79-дағы Амуня

Қалада плакаттар көрмесі ашылды. (басы артық ақпарат: IV республикалық жемқорлыққа қарсы плакаттар конкурсының бірінші орын иегері – Сағи Ахтановтыкі). Атырау секілді провинциялық қалада көрмеге келетін контенттің контарсты бесенеден белгілі – изо-студенттер мен изо-мұғалімдер… және бірер қайғы-фрилансер. Атауын, «Анти» деп қойған болар едім, мен. Анти-жемқорлық, анти-темекі, анти-арақ… анти-өнер.

Сурет өнерінде қалың тобырға арналған бір бағыт болса, ол осы – плакат. Мәдениетсіз болсам да, массаның өкілі ретінде плакат мәдениеті туралы айтуға моральдық хақым бар. Бірақ, тап мен көрген плакаттар туралы айтатын дым жоқ… «Приматтық примитивизм!».

Шылым шегуге қарсы үгіттейтін (классикалық үлгідегі міндеті осы оның, айтпақЧ) плакат: Қап-қара фонға темекі тұқылдарынан «ТАСТА» деген сөз жазылған. Епт, неткен креатифф! Айконың «шемешкімен», Сатыбалдының «спешкімен» жазатынын ескермегенде… Қалғандары да осы сарында: эффект – нөл! Ал, плакатта басты критерий тап осы эффект, ибо, көшеде кетіп бара жатқан адам, оны көре қалғанның өзінде де, тұра қалып суретшінің астарлап айтқысы келген ойының жұмбағын шешіп тұрмайды. Ол үшін Лувр бар. Эффектке сеп тағы бір фактор – жұмыстың орындалу техникасы. Меніңше, «фотошов пен горылдравта» неше түрлі «жесть» фишкаларды жасап жүрген изо-студенттердің плакаттарды көргендегі жүздеріндегі мысқыл тап осы техникадан туындаған сияқты.

Ия, айтпақЧ, коррупция! Бір экспозиция (хотя, аффторы композиция деуі кәдік ) – Дәрігердің қолында шприц, шприцте доллар (номиналы есімде жоқ). Техникасына тоқталмаймын, ибо, ана дәрігерді көргеннен кейін «SOUTH PARK» кейіпкерлері «МАХІМ» журналының бетіне шығуға лайық деп таптым. Атауы: «Врач в законе». No comment, naq akess!

Сосын, тілге қатысты плакат. А как же без него… «Сен! Қазақ тілін білесің бе?» деп, «а-ля Родина мать» стиліндегі қолын бүркіт ұстаған қазақ. Америка әскері қатарына көмекке шақырған Сэм ағай мен Қызыл Армия сапына шақырған беймәлім большевик мұның қасында сондай архаикалық көрінеді. Өйткені, аффтордың өзінің айтуынша, әлгі саятшы қазақ мэрге ұқсап кетіпті… Лужковы нес, Бергейге да…

Үйге келе жатып, қаладағы әлеуметтік баннерлер мен биллбордтарды тағы шолып шықтым. Аффторларына көңілден респект сұранбаса да, күндегідей боқтамадым. Тіпті, кейбірі Ахтановтыкімен салыстырғанда «шедевральныйлау» көрініп қалд. Бұрын қалай байқамағам?! Міне, өнердің құдіреті, нақ: көрмеге барып, көзім ашылД!

Таксист бірдеңені айтып келеді, айтып келеді. Үнсіз басымды шұлғып келем. Көпірден өте бергенде. «Білә, мына Жайық та тартылып барад. Роси каналды ашпаятыр ғо… Бірдеңе дәм етіп отырған шығар, а?» – деп, қолым әйгілі ишараны жасады. «Солай шығар…» – дедім, мен де.

Жемқорлық бұ халықтың тұрмыстық санасын меңдеп кеткен. Ибо, халықаралық саяси мәселелерге де өз асүйлік-азаматтық позциясынан баға бергенде де аталған аспектіні айналып өте алмайды. Плакат дейді ғой, нақ!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қазан 11, 2010 at 10:37 тк

One Response

Subscribe to comments with RSS.

  1. Әжесс-ай, «Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп…».
    Қазззақтар неге осындай пельетондарды хуйзеттеріне баспайд нақ, а?

    Сатыбалды

    Қазан 14, 2010 at 8:29 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: