Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

«Сығалап қарадың сен маған, терезесінен табыттың»

with 6 comments


Жақында компымды жөндетіп, форматтағанда жадынан сенің әндерің кетіп қалып еді. Енді, өзің кетіп қалдың. Өзің айтқандай: «…ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам». Сенің де бір күні өлетінін білдік қой, әрі қалай еткенде де ол қазаның өкінішті болатынын да… Бірақ, сені ақтық сапарға шығарып салғанша сенер-сенбесімді білмейтін үрей мен үміт аралас күйде болдым…

Тулағанда Тұран далаға сыймай кететіндей толағай тұрпатты Табыл едің, енді, қуықтай қабірде, «лақаттан лақытырып бөркіңді» төмпешік қана боп қалдың. «Обаны адыр, адырларды төбе деп, төбелерді тау деседі біздің ел». Ал, таулар алыстаған сайын биіктей береді ғой.

Мәңгілік деген сөзді сақ қолданатын ең, біздің де айтарымыз сол ғой: әрі кетсе, жани жадымыз форматталмағанша есімізде боларсың, одан арғысын… өзің білесің ғой.

Дабай, Аға, кездескенше!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қазан 18, 2010 at 11:26 тк

6 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Жақсы ағаның жаны жаннатта болсын…
    Нұрберген, бұл кісінің өлеңдерін қайдан тапса болады, ол жағынан хабарың бар ма?

    qisyq

    Қазан 18, 2010 at 11:34 тк

  2. Иә, жаны жаннатта болсын. Мен тек 19 әнін тауып «Жастарға» салып едім, басқа әндерін таба алмадым. Индерлік жігіттерден де сұрап ештеңе бітіре алмадым. Жеке жинақ болып шыққандары да жоқ па екен?

    Қосақ

    Қазан 19, 2010 at 1:31 тд

  3. Жаны жұмақта болсын ағамыздың!

    vkototy

    Қазан 19, 2010 at 4:06 тк

  4. Иманды болсын! Өлеңдері жүрек шымырлатады. Жеке жинақ болып шықпағаны ма сонда? Мүмкін бір блог ашып, сол жаққа сол кісі туралы мәліметтерді топтастыра бастасақ, қалай болар еді… әйтеуір іздеген адамдар қажеттісін сол жерден табар еді.

    urimtal

    Қазан 19, 2010 at 5:21 тк

  5. Иә, жақсы идея екен. Бұрынырақта «Жанарымның жарқылы» деген кітабы шықты деуші еді, аз тиражбен шыққан болуы керек, кімде бар екен? Сканерлеп салып қойсақ.

    Қосақ

    Қазан 19, 2010 at 9:50 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: