Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Мыртесе менеджмент

with 2 comments

Жаңа жұмысқа ауысқалы бері уақыт тапшылығын анық сезініп жүрмін. Не өзім ұйымдастыра алмай жүрмін. Қысқасы: тайм-менеджмент бойынша мастер-классты керек-ақ. Жалпы, менеджментті де мықтап меңгеру керек боп тұр.

Кіріптар креатиффіңнен туындаған «идеал» идеяларды жүзеге асыру үшін біршама күш пен уақыт керек екені белгілі ғой. Ләкін, оған жағдай туғызылмаса, сол қажетті платформаны дайындап алуға одан да бетер жігер керек екен.

Шартты түрде, ойға алған бір салалық бағдарламалардың бірі делік. Салалық болғаннан соң, оның редакторының да сол саладан хабардар болғаны ләзім. Жүргізушісінің де. Алайда, штат шектеулі. Демек, олардың еңбегін демеуші табу арқылы ғана өтей аласың. Қазір жарнама берушілер мен демеушілер де белуардан төмен рейтингілілерге респект айтпайды екен. Очм, осындай қарбалас…

Мұны бір мұңымды шағайын деп, не мақтанайын деп айтып отырғаным жоқ. Просты, осы жағдайы менің күйіме ұқсас бір адамға тап болдым да. Ол да жоқтан бар жасағысы келетін адам. Бірақ, министр, енді. Қазақстанға шетелде жүрген 125 мықты ғалымды қайтарам дейді. Лібә…

Мысалы, Кен Әлібекті шақырды делік. Биологиялық қару жөнінен әлемдегі ең мықты сарапшылардың бірі. Ал, келді делік. Не істейді? Меніңше ішіп кететін сияқты. Жоқ, әлбетте, оған дейін тезекті байытып бір-екі қару жасауға талпыныс танытатын шығар, енді. Сосын, ішіп кетеді. Мен радиоға Ларри Кингті шақырсам да солай болады ғой. Төленетін еңбекақысын айтпағанда, оған сәйкесті студия керек, жабдық керек т.с.с. Одан да бұрын бағдарламасына сәйкесті контент керек. Әйтпесе, әлгі партияның көпірме көсемдерімен болған екі сұхбаттан кейін ішіп кетеді. Ларриды қоя тұрып, мен өзіміздің Ғаррифолланы жарылқап алайын. Қап-қараңғы бөлмеде баспен төмен салбырап тұрып-ақ, «МузАрттың» соңғы әнін кәсіби тұрғыдан быт-шыт қылып сынай алады. Ақша табылмай тұр жобасына.

Written by nurbergen_maqym

Қараша 17, 2010 at 10:11 тк

2 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ларри Кингт шақыр, ішіп кетпейді, по идее норма. пацан боса керек 🙂 өзінің айтуынша(кітабында): ол тіпті бір буткада, жалғыз микрофонмен карьерасын бастаған ұқшайды 😉

    tentek Shokpar

    Қараша 18, 2010 at 12:45 тд

  2. Рас -ау,Нұрберген, іштегіні жарылқап алайық…алдымен

    vkototy

    Қараша 19, 2010 at 4:57 тк


Пікір қалдыру