Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Кешір, Құдай!

with 4 comments

Бірінен соң бірі. Арасына күн суытпай. Кетіп жатыр, кетіп жатыр.Неге? Әр оқиғаны жеке дара қарастырып, әр жастың өзіне қол жұмсауының себептерін де субъективті саралауға болады. Бірақ, бәрібір, бәріне ортақ фактор бар ғой. Бар! Балалардың қараусыз қалуы. Қай-қай мағынасында да. Мемлекет те, ата-ана да, мұғалімдер де – ешкім де жастардың тәрбиесімен айналысып жатқан жоқ. Соңғыларынан бұл функцияны алып тастағаны, «мектеп – тек білім беру міндетін ғана атқарады» деген ұстаным ғана орнағаны белгілі. Назарбаев мырзаның қол қойған 2020 жылға дейінгі білім беру туралы құжатынан да осы олқылық орнын толтыратын нақты іс-шара байқай алмадық. Ия, әлгі бір «Өзін-өзі тану» пәні болмаса, өзін-өзі тану ғылымдарының докторынсс!
Сосын, қай мұғалім, қыңыр баласын қызғыштай қорыған ата-анамен қырқысып тұруға құлықты дейсіз. Сол, қашанда мұғалімді кінәлі қылатын ата-ананың да баласының тәрбиесімен айналысып жүргені шамалы. Бұл да күрмеуі көп күрделі мәселе – сонау тоқсаныншы жылдар факторынан бастап, қоғами құндылықтардың түбегейлі ауысып, тұлғалық құндылықтардың деградацияға ұшырауына дейінгі аралықтағы барлық себеп. Қарабайырласақ, ата-ананың баласының алдындағы парыздары призмасынан қарасақ, ата-ананың бір ғана таңдауы бар: не асырау, не тәрбиелеу. Біздер (қазақы қоғам) біріншісін таңдадық.

Мемлекет те соны таңдады. «Әуелі экономика (тамақ), сосын саясат (тәрбие)». Қытайдың «өтпелі кезеңде өмірге кел» деген қарғысының мағынасын енді түсіне түскендеймін. Бұл тек, бір ғана Қазақстанның проблемасы емес. Мынау Мәскеудегі орын алған соңғы толқулардың да түп негізі – сол: қоғами проблемалардан жастың бойында туындап, қордаланған негатиффтің сыртқа шығуы. Біз бұл кезеңге жеткен жоқпыз. Бірақ, жетіп қалдық. Орыстарда – фашисттер болса, бізде – экстремисттік діндегілер.

Адамның ес жиып, етек жинай бастаған кезінде, рухани демеу іздейтін кезі бар ғой. Ғылымда «пубертатты кезең» дейді мұны. Осы шақта кез-келген рух немен қоректенеді бізде? Не мектептен, не мемлекеттен, не үйден «қорек» жоқ. Кетеді қаңғыбас иттей әр қоқысты бір аралап.

«Сана» деймісіз? Ия, әгәраки, Құдай тағала бәріне бірдей сіздікіндей сана бергенде, жер бетінде жұмақ орнар еді ғой. Тап сіздікіндей ізгі ниет берсе, тайпа-тайпа, ел-ел болып бөлінбей-ақ, тұтас бір жерді жалпағынан мекен етер едік. Олай емес екен, ендеше, санасыз қалың тобырға арналған мемлекет саясаты болуы керек. Бірақ, бәрін мемлекетке жаба салуға болмайды.
Кеңес Үкіметін қанша жамандаса да маған ұнайтын бір жері бар, ол – идеология. Мейлі жаман болсын, мейлі, жақсы болсын – идеология керек. Бәлки, сондай бір ізгілікке, адамгершілікке шақыратын идеология болса, біздер – көшеде темекі тартып тұрған белі бесіктен шықпаған балаға жиіркенішпен, не таңданыспен қарауымызды қойып, жанашырлық танытармыз. Ал, әл-әзірше, Сократ синдромымен ешкім ауыруға құлықты емес.

Жастардың өз-өзіне қол жұмсақ жатқандарының да, олардың теріс ағымға кетіп қалып жатқандарының да, басқа да бұрыс жолға түсіп жатқандарының да себебі сол – қоғамның немқұрайлығы. Ия, біз немқұрайлымыз. Бір-бірін «Сүлеймен патшаның әскері келеді, абай бол, бауырым!» дейтін, құмырсқа екеш, құмырсқадай жанашырлық жоқ бізде. Ия, біз сондаймыз! Бір өзің кешіре гөр, Құдай!

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Желтоқсан 14, 2010 at 8:40 тк

4 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Қазақтың балаға қатысты «А, Құдайым, сана бер, сана бермесең ала бер» дейтін мақалы (мәтелі?) бұрынырақта маған даналықтың мысалы болып көрінуші еді. Енді ойлап қарасам, бұл сөз де қазақтың жалқаулығынан (еңбек жалқаулығы емес, ниет жалқаулығынан, жауапкершілікті басқаға арта салуынан) шыққан тәрізді. Әйтпеген жағдайда Құдайды жұмсап қойып, қарап жатпай, жоғарыда өзің айтқан «санасыз қалың тобырға» иек нұсқап, бағыт сілтеудің жолын табар еді ғой. Адамдар тым эгоистеніп бара жатыр. Әсіресе мен.

    qisyq

    Желтоқсан 14, 2010 at 10:03 тк

  2. tagdir

    Желтоқсан 15, 2010 at 7:00 тк

  3. Орыстардағы фашизм бір жағынан футбол фанатизмі арқылы да дамып тұр. ана төбелесте өлген Седой мысалы Спартактың бір фанат тобының лидері еді. Өзім де ішінде болып көргесін айтып отырмын бұл фанаттар фашизм идеологиясын қолдайды. тіпті «Дедушканың» (А.Г) туған күнін тойлаған жігіттер де болды. Фанатизмнің осы жаққа ауып бара жатқаны қынжылтады. Бұрын біз енді қозғалып жүрген кезде басқа команда фанаттарымен ойын алдында бірге отырып пиво ішіп, ойыннан кейін қайтадан кездесіп ұтылғанымыз ұтқанымызды құттықтаушы едік. ал қазір Атырауға бара алмайсың, Қостанай Ақтөбеге келе алмайды. Алматыда ақтөбеліктерден қашады. обшым бұрынғыдай емес… бойдағы күшті осындай нәрселерге құртып жатыр жатар…

    Аршат

    Желтоқсан 22, 2010 at 6:28 тд

  4. Балаларға жақсы қарайтын бір ұстаздан сырын сұраған екен..Сонда «мен өзім баламын ғой» деп жауап беріпті..Балаға бала көңілмен қарау қиын ба? Білмеймін..қиын ештеңесі жоқ..Менің ойымша әр әке шеше үйге келгенде, өмірдегі проблемаларын сыртта тастап келу керек сияқты..

    Негізі сырт әлемде еш проблема жоқ, проблема өз ішімізде..

    Мен бала тәрибесі туралы айтатындай әке болып отырғаным жоқ, әлі бойдақпын..Бірақ, үйленген бауырларымның балаларын біраз бағып қақтым..

    Бір байқағаным, бала, үлкеннен көргендерін қағып алады..Үлкен жақын болғысы келеді, ең бастысы дос болғысы келеді..Мысалға сенің оқып отырған кітабыңды оқығысы келеді, көрген киноңды көргісі келеді, телефоныңды ұстап көргісі келеді, машинаңа мінгісі келеді т.с.с..Міне барлық мәселе осы жерде басталады..Сен балаң бар жерде өзіңнің көретініңді, оқитыныңды, істейтін ісіңді, әңгімеңді, онымен бөлісіп отырғандай, онымен ақылдасып отырғандай істеуің керек..

    Мен бұған көз жеткіздім..Ағамның кітап оқу дегеннің не екенін білмейтін 14 жасар баласы, менімен бірге отырып кітап оқитын болды, жаздың ыстығында басынан аяғына дейін ораза ұстады, менімен бірге ауыз ашарларға барды, маған қонақ келгенде бірге отырып әңгіме тыңдады, ән тыңдады..Баладағы өзгерістерді мен көрдім..бұның бәрі бас аяғы үш төрт айдың ішінде болған өзгеріс..

    Бұған керісінше әкесі, үйге келгенде тамақ ішіп алып ұйықтайды, шешесі түрік сериалдары қарайды..Сонда балаға кім қарайды?

    Менің ойымша бала бар жерде, әкенің шешенің жеке өмірі болмауы керек..Болса да, бәріне ортақ нәрселерді қалыптастыру керек..

    Менің досым Аршаттың әкелігі маған ұнайды мысалға..Өз көзіммен көрдім..Баласымен бала болып, ол не істесе де бір дауыс көтеріп зекімейді..Ол баласымен нағыз дос..Міне әкелік сана осындай болуы керек..

    Жазатын нәрсе көп..Бұның бәрін негізі бір бір блогта емес, кең ауқымды бір платформада талқылауымыз керек..Күрделі әрі маңызды мәселе..

    Бекжан Толыбай

    Наурыз 30, 2011 at 6:07 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: