Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Унитазда мәнерлеп сырғанау – 9.0

with 9 comments

Бүгін Азиада алауының эстафетасы Атырау арқылы өтіп барады. Дұрысында оны Приозерскке не Семейге жіберу керек еді. Және оны қарапайым халықтың эстафетасы етіп: бірі – мұз қатқан унитазын жылытып алса, бірі – сол алауға тамақ пісіріп алар еді, ал, үшіншісі үшін бұл көңілге бір демеу болар еді. Әйтпесе, Атырауда табиғат райы ертең көктемгі реңк: әрі кетсе, 5 градустық аяз. Әлгілермен салыстырғанда алаудың қадірін біле қояр ма екенбіз, дегенім ғой…

Ақ Олимпиада дегенде еске Ванкувердегі Ақ Олимпиадаға қатысты көп сын айтылғаны еске түседі: біреу кекетті, біреу ұрысты – «олар жеңімпаздар алқасын қалдық металлдардан жасапты», «спортшыларға арналған тұрғын жайларды да қалған-құтқан материалдан салыпты-мыс». Қойш, әйтеуір, өздерін ғана ойлайтын эгоист халық екен бір. Бәсе, газет-жорнал, ТВ, тіпті, интернеттегі оны-мұны жаңалықтардан да олар туралы неғып естілмейді дейміз-ау.

Сібет жоқ, жылу жоқ, зато, халықаралық дәрежедегі абырой бар. Дамыған елдерден бір қалар емеспіз. Біразел ма, Аустралия ма, Алмания ма – қайсысында су тасығаны?! Бізде де тасып жатыр, нақ! Ия, канешн, бұл – ол елдердегідей табиғаттың тәбәрігі – сюрпраиз емес, но, бірақ, тожы, бір ауылды басып кетті. Қалай деуші еді, әлгі: сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңмен жасаған сыйлық па?!

А, исчо, Суданда референдум өтті, Тунисте революция…

Advertisements

Written by nurbergen_maqym

Қаңтар 17, 2011 at 6:10 тк

9 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Семейді жолдан тапқан ба дегендей-ақ.. Қызық солар, үйлері ол, қатып жатыр. Ал бұлар болса референдумға қол қойып әлек.

    Ақзере

    Қаңтар 17, 2011 at 9:32 тк

  2. Кеше тв-дан көрсетті масқара оғарыдағы қос қала қатып жатыр. Әсіресе төсекке тонмен жатып жатқан үлкен кісіні көргенде бүйткен халықаралық дәрежедегі пиарың құрсын дегің келіп кетеді екен. Шынында да алауды апару керек ед немесе Елбасын.Бар проблемасы шешіліп қалар еді.Өткенде бір досым бебетін безеу басп кеткен бір танысына сенің бетіңнен алауды алып немесе Елбасын жүргізіп өту керек екен, жергілікті әкімдер тазалап тастар еді деп қалжыңдеп еді.

    Erbol

    Қаңтар 17, 2011 at 10:54 тк

  3. «Атың шықпаса,жер өртенің кері…» біздің елдегі ағаларымыздың ұраны…

    Тоты

    Қаңтар 17, 2011 at 11:05 тк

  4. 150 ДЕПУТАТТЫҚ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАЛТАДАҒЫ 20 ШТУК СИГАРЕТ ПАРЛАМЕНТТЕЙ ПАЙДАСЫ МЕН ҚАДІР БОЛМАЙ КЕТТІ.

    Gali

    Қаңтар 18, 2011 at 12:32 тд

  5. Тунистің осы уақытқа дейінгі тарихын қарап едім. Құдды бір таныс бір ел туралы оқып отырғандай болдым. Аумайды-ау, аумайды…

    urimtal

    Қаңтар 18, 2011 at 5:16 тд

  6. Как это по Мақымовски! )))

    technosyndrom

    Қаңтар 20, 2011 at 6:46 тд

  7. […] әбден үйренген. Блоггерлердің ішінде ол жайлы Нұрберген қағытып өткен болатын… Қай тоңғанымызды айтып, […]

  8. Қатырып жіберіпті. Тақырып шақырып тұр!

    Жүрек СӨЗІ

    Наурыз 24, 2011 at 7:25 тк


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: