Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Archive for the ‘Редактор бағанасы’ Category

Унитазда мәнерлеп сырғанау – 9.0

with 9 comments

Бүгін Азиада алауының эстафетасы Атырау арқылы өтіп барады. Дұрысында оны Приозерскке не Семейге жіберу керек еді. Және оны қарапайым халықтың эстафетасы етіп: бірі – мұз қатқан унитазын жылытып алса, бірі – сол алауға тамақ пісіріп алар еді, ал, үшіншісі үшін бұл көңілге бір демеу болар еді. Әйтпесе, Атырауда табиғат райы ертең көктемгі реңк: әрі кетсе, 5 градустық аяз. Әлгілермен салыстырғанда алаудың қадірін біле қояр ма екенбіз, дегенім ғой…

Ақ Олимпиада дегенде еске Ванкувердегі Ақ Олимпиадаға қатысты көп сын айтылғаны еске түседі: біреу кекетті, біреу ұрысты – «олар жеңімпаздар алқасын қалдық металлдардан жасапты», «спортшыларға арналған тұрғын жайларды да қалған-құтқан материалдан салыпты-мыс». Қойш, әйтеуір, өздерін ғана ойлайтын эгоист халық екен бір. Бәсе, газет-жорнал, ТВ, тіпті, интернеттегі оны-мұны жаңалықтардан да олар туралы неғып естілмейді дейміз-ау.

Сібет жоқ, жылу жоқ, зато, халықаралық дәрежедегі абырой бар. Дамыған елдерден бір қалар емеспіз. Біразел ма, Аустралия ма, Алмания ма – қайсысында су тасығаны?! Бізде де тасып жатыр, нақ! Ия, канешн, бұл – ол елдердегідей табиғаттың тәбәрігі – сюрпраиз емес, но, бірақ, тожы, бір ауылды басып кетті. Қалай деуші еді, әлгі: сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңмен жасаған сыйлық па?!

А, исчо, Суданда референдум өтті, Тунисте революция…

Written by nurbergen_maqym

Қаңтар 17, 2011 at 6:10 тк

Кешір, Құдай!

with 4 comments

Бірінен соң бірі. Арасына күн суытпай. Кетіп жатыр, кетіп жатыр.Неге? Әр оқиғаны жеке дара қарастырып, әр жастың өзіне қол жұмсауының себептерін де субъективті саралауға болады. Бірақ, бәрібір, бәріне ортақ фактор бар ғой. Бар! Балалардың қараусыз қалуы. Қай-қай мағынасында да. Мемлекет те, ата-ана да, мұғалімдер де – ешкім де жастардың тәрбиесімен айналысып жатқан жоқ. Read the rest of this entry »

Written by nurbergen_maqym

Желтоқсан 14, 2010 at 8:40 тк

Мыртесе менеджмент

with 2 comments

Жаңа жұмысқа ауысқалы бері уақыт тапшылығын анық сезініп жүрмін. Не өзім ұйымдастыра алмай жүрмін. Қысқасы: тайм-менеджмент бойынша мастер-классты керек-ақ. Жалпы, менеджментті де мықтап меңгеру керек боп тұр.

Read the rest of this entry »

Written by nurbergen_maqym

Қараша 17, 2010 at 10:11 тк

«Сығалап қарадың сен маған, терезесінен табыттың»

with 6 comments


Жақында компымды жөндетіп, форматтағанда жадынан сенің әндерің кетіп қалып еді. Енді, өзің кетіп қалдың. Өзің айтқандай: «…ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам». Сенің де бір күні өлетінін білдік қой, әрі қалай еткенде де ол қазаның өкінішті болатынын да… Бірақ, сені ақтық сапарға шығарып салғанша сенер-сенбесімді білмейтін үрей мен үміт аралас күйде болдым…

Тулағанда Тұран далаға сыймай кететіндей толағай тұрпатты Табыл едің, енді, қуықтай қабірде, «лақаттан лақытырып бөркіңді» төмпешік қана боп қалдың. «Обаны адыр, адырларды төбе деп, төбелерді тау деседі біздің ел». Ал, таулар алыстаған сайын биіктей береді ғой.

Мәңгілік деген сөзді сақ қолданатын ең, біздің де айтарымыз сол ғой: әрі кетсе, жани жадымыз форматталмағанша есімізде боларсың, одан арғысын… өзің білесің ғой.

Дабай, Аға, кездескенше!

Written by nurbergen_maqym

Қазан 18, 2010 at 11:26 тк

позитиффті позиция!

with one comment

Пост жазбағалы көп болыпты. Ит-тірлік қой баяғы. Бұ қу дүнияның күйбеңі бітуші ме ед, тәйірі… Бірақ, соңғы кездегі перспективалар сағымы, есек аяң жүрісіме кішкене қарқын қосуға сеп болған-тын.

Read the rest of this entry »

Written by nurbergen_maqym

Қыркүйек 30, 2010 at 10:06 тк

Pappa-pia!

with 6 comments

«Ребенок зачатый, родившийся и воспитанный в любви, будет умнее, красивее и сильнее других»
да Винчи

Соңғы кез осы туралы көп ойлатын болыппын. Солай болуы тиіс те шығар. Әке болғасын. Алайда, менде тағы бір себеп бар: мен әкеліктің не екенін білмейді екем. Жоқ, сезім не сол секілді абстрактілі категориялар тұрғысынан емес. Кәнігі, «әке қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап беруді айтам. Бұл туралы ойлана бастағанда әкем жоқ-тын. Әкемді үлгі етерге, ол туралы естеліктердің өзі – фрескалар: әдемі, жып-жылы, алайда, үзік-үзік.

Read the rest of this entry »

Written by nurbergen_maqym

Шілде 20, 2010 at 9:34 тк

Соло

with 3 comments

Вот уже больше месяца нахожусь в эмоциональном опустошений. Это такое состояние, когда ничего не радует, не раздражает, не прикалывает – одним словом: безликость в зеркале души. Read the rest of this entry »

Written by nurbergen_maqym

Шілде 19, 2010 at 8:20 тк