Нұрберген Мақымның блогы

Баспасөз беттері жариялаудан бас тартқан мақалалар

АҢҚАУ ЕЛГЕ АРНАЛҒАН ӘЙДІК СЦЕНАРИЙ

with one comment

mironov_055

Жуырда ғана облыс орталығында жұртқа «су тегін» ақша үлестірген тағы бір микрокредиттік ұйымның салымшылары алданғандарын аңғарды. Сценарий – бағзы, кейіпкер – халық. Құдды сериал дермісіз. Естеріңізде болса, блогқа өткен біразда тұтастай бір ауданның тұрғындарын алдаған топ туралы жазған болатынбыз. Микрокредиттік ұйым атын жамылып, халыққа несие береміз деп, қазақыласақ, ауылдықтардың «ауызын ұрып кеткен» алаяқтар көп кешікпей құрықталды да. Әлбетте, ашық ауыз салымшылардың ақшасы қайтарылмады…
Бұл жолы да, картина кульминациясы әлгіндей сюжетпен аяқталса, сөз жоқ – Ұлы әділдік орнайды, алайда, халық ақшасы кезекті бір банктердің кезекті есеп шоттарында жасырын қала беруі кәдік. Жә, микрокредиттік ұйымдардың әлгіндей «спецэффекттерді» пайдалануы, ол – ҚР Заңы аталатын құжаттың осал тұсы. Шашпа қазақ несие дегенге нашадан кем емес үйір боп алды. «Тәңірі сиыр! …Халық үшін опиумның бағасы қанша, қазір?» деген Остап Бендер талай комбинаторға пір болды ғой. Ал мына бір жайт, «Оушеннің он бір досы» фильміне таптырмас балама боларлықтай-ақ.

Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Қазан 6, 2009 уақыты9:19 тк

…солай!

with 2 comments

Конституция күні таяп қалды. Белгілі бір мекемелер басшылары, белгісіз ұйымдар жетекшілері атаулы күнге орайластырылған әдепкі дөңгелек үстелдің не кезекті іс-шараның жүру барысын ойластырып жатқан шығар…
Басым бөлігі жастарға бағытталатын сол шаралар тізбегінің негізгі мақсаты – Атазаңымыздың абыройын асқақтату. Олардың, әсер қалдырарлықтай ерекше формада өтуін тиісті ұйымдастырушылардың ізденімпаздығына қалдырайық. Ал, оның басты нені көздеуі керектігі турасында, бірер пікір білдіруге мүдделіміз. Әлбетте, Конституциялық құқығымызды негізге алып.
Сөзсіз, әр елдің азаматының өз мемлекетінің Атазаңын білуі шарттылық болса керек. Өйткені, Конституция – сенің бостандығыңның кепілі. Әлбетте, классикалық үлгіде. Сондықтанда олар оны құрметтейді деп ойлаймыз. Қазақы қойторы қоғамда мұндай заңдылықтың орын алуы, саяси сақтықпен айтқанда, ертелеу. Оның тікелей һәм жанама себептері де баршылық. Оларды санамалау бөлек ғылыми-сараптамалық кітапшаға жүк боларлықтай дүние екенін айтсақ та жетер.
Анығы, қазақта құқықтық сауат төмен. Естеріңізде болса, Ресейдің қазіргі президенті Медведьев, сайлау алды бағдарламасының негізгі пункттерінің бірі ретінде құқықтық нигилизммен күресуді айтқан еді. Әккі заңгер орыстың өзінің құқықтық сауаты төмен деп тапқанда, «орыс әділін айтады» дейтін қазаққа, конституция қадірін білу ертелеу дегенімізге де бір себеп осы болған-тын.
«Ел – ертеңі жастар» деген таптаурындығымен қоса, әпербақандау лозунгтің өзінің «өмір сүруге» құқығы бар екенін ескерсек, «көш жүре түзелер» деп, жастарға сеніп, көңіл көншітуге атадан қалған қасиетпен құқылымыз.
Ал, сол жастар бүгін, өз құқықтары демей-ақ қоялық, Конституцияның кім үшін керектігін біле ме?
Біледі ғой, әлбетте. «Ақырзаманның балалары» дейтін қарттар таққан критерий де біздің буындікі болар. Тек қажетсіне ме? Иә, Конституцияны? Міне, бар мәселе осында болса керек. Конституциялық құқықсыз-ақ, «заң шеңберінде» өсіп-өркендеп, зәузатыңды өрбітуге болатынына көзі жеткен өрелі ұрпаққа Атазаң деген архаизм көрінсе, таң қалмаспыз. Кез-келген дүние күйкі тірлікте құнтты болмаса, өздігінен маңыздылығын жоғалтатындығын айту үшін бір ілімнің шылбырын ұстаудың да қажеті жоқ. Әйтпесе бар ғой, патриотизм дегеніңіз Атазаңды құрметтеуден басталады дей салсақ та, жалаң эмоциялы күйреуіктік жетегінде кетпейміз. Ал, бейтаныс нәрсеге қайдағы құрмет?!
Ол – ол ма, осыдан екі жылдай бұрын, Ғылым және білім Министрлігі қазақстандық патриотизмнің деңгейін анықтау мақсатымен әлеуметтік зерттеу жүргізген еді. Нәтижесінде 2000 респонденттің ішіндегі қазақтардың 15 пайызы өздерін бұл елдің азаматы деп санамайтындықтарын айтса, басқа ұлт өкілдері арасында бұл көрсеткіш 30 пайызды құраған. Сұралғандардың жартысына жуығы өздерін осы елдің азаматы санамайды екен. Ал, сіз Конституция дейсіз…
Иә, қызығы сол: бір шеті атакүлдікпен астасатын Атазаңға деген құрметті не демогогиялық диспуттар арқылы, не әсерлі, алайда, қатысы шамалы шеру тектес гала-шаралармен жастардың жүрегіне орнықтырмақпыз. Бұл өзі, енесі шелектеп сүт беретін бұзауды уызына жарытпау сияқтанады екен.
Әгәраки, келер ұрпақ Атазаңдағы құқығын білсін десеңіз, қала берді оны құрмет тұтсын десеңіз, жоқ-жітік дейсіз бе, аз қамтылған дейсіз бе, әлде, әлеуметтік әлсіз отбасылардың оқушыларына мектебіне қажетті оқу-құралын алып берсеңіздер жөн болар. Кезекті жергілікті көркемөнерпаздардың концертінен көрі нәтижелі іс қой бұл. Тек, балаларға бұл игіліктің Конституция күніне орайластырып жасалып жатқанын айта кетіңіз. Тікелей пайдасы тиген дүниені бейсаналы деңгейде болса да, адамның өзіңе жақын тартуы қалыпты қасиет қой.

Written by makym

Тамыз 20, 2009 уақыты1:52 тд

“МММ”: микропирамидалардың макро мәселесі

leave a comment »

00001«Ғасыр қаржылық пирамидасының» негізін қалаушы Бернард Мэдоффке Нью-Йорк соты Солтүстік Каролина түрмесінде 150 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды. Әлем осы дүрбелеңмен әуей болып жатқанда, Қазақстанда «микропирамидашылар» Мавродише «лақытырып» жүр. Қалайы мен негесі бар ма? «Интернетші» мега-депутаттар микроұйымның айналасындағы микрошарттарды бекітіп бере алмаса…

Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Шілде 16, 2009 уақыты11:10 тк

Аударма.Әзиз Несин.

with 2 comments

001Әзиз Несин – түріктің әйгілі жазушысы. Оның өткір саяси памфлеттерінің, сатиралық әңгімелерінің тақырыптары әрқилы. Жазушыны үй мәселесі де, денсаулық сақтау саласы да, білім беру де қатты толғандырады.

Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Шілде 16, 2009 уақыты10:00 тк

Аударма. Этгар Кэрет. Ит.

leave a comment »

Этгар КэретЭтгар Кэрет (1967 жылы Израилдің Рамат-Ган қаласында дүниеге келген) әдеби қызметін 1991 жылы газетке арналған мақалалары мен театр қойылымдарының сценарийлерінен бастаған. Соңғы жылдары Тель-Авив университетінің жанындағы Кинематография мектебінде сабақ береді, сценарийлік шеберлік бойынша шетел университеттерінде дәріс оқиды және кино және теледидарға сценарийлер жазады. Кэрет, Израилде бестселлерлер тізімін бастаған төрт әңгімелер жинағының авторы, олар: «Құбырлар» (1992), «Киссенджерге деген менің сағынышым» (1994), «Кнеллер лагері» (1998), және «Мен – сол…» (2002).
Бұл таланты прозаиктің кітабы әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Соның ішінде, қытай және хинди тіліне тәржімаланған. Израиль әдеби сыншылары соңғы кезде жас әдебиетшілер арасында Кэтерге еліктеп жазушылардың көбейгенін айтады.

Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Шілде 15, 2009 уақыты11:40 тк

Аудармалар жазылған

ГИПОТЕЗА

leave a comment »

(Ерлан Оспанша)
- Бәке, мына қызықты қараңыз! – деді, жарты сағаттан бері таңертеңгі газеттен бас алмай отырған Қапсиық.
- Е, не бопты?! –деді, Бабырсейіт, профессорларға тән паңдықпен. Бұл атаққа күні кеше ғана қолы жетсе де, профессорлық тыныс-тіршілік алғышарттарын әп-сәтте-ақ үйреніп алды.
Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Шілде 15, 2009 уақыты11:33 тк

Сықақсымақ жазылған

Қазақ журнализмінің “жаңа жетістігі” немесе “баспасөз блоггерінің” бір айтары

with 10 comments

25Өткен аптаның аяғында Нұрсұлтан Назарбаев, «Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеру мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Иә, бұл қарабайырласақ «интернет жабылады» деп көтерілген байбаламның ақырғы нүктесі еді. Шындығында, интернет жабылған жоқ – тек ендігі жер оны «мекен ететіндердің» мәртебесі өзгерді. Мәселен, ендігі жерде Қазақстанның барлық интернет-ресурстары дәстүрлі БАҚ болып есептеледі. Бұл – бұдан былай «боқмұрын» «блоггер» де «БАҚ өкілімін» деп бәлденеді деген сөз.

Толығырақ оқу үшін »

Written by makym

Шілде 15, 2009 уақыты10:04 тк

1 жазылған