Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…

Сектанттар мектебі ме, әлде, «Мектеп» сектасы ма?

with 5 comments

Балаңыз, не мектептегі іні-қарындастарыңыз таңертең тұра сала тезеге жүгіріп «Сәлем, Күн!» деп, бетін жуып жатып «Рахмет саған, Су!» десе еш таңқалмаңыз. «Жынданып кетті ме?» деп шошудың қажеті жоқ. «Әлде, теріс діни ағым жетегінде кетті ме?» деп те қорықпаңыз. Бұл оларға мектепте үйретіледі. Енді, бәріне бірдей. Жаппай…
Осыдан бірер жыл бұрын мектептердің кейбірінде «өзін-өзі тану» деген пән барын да естігем. «Самопознание» деп шүлдірлегенде елдің бірінші ханымының қақаған қыста кішкентай балаларды мұздай суға түсіріп мәз болатын ермегі екені есіміе түсіп, «шешесс» деуге шақ қалғам. Құдай сақтағанда, тек теориялық бағытын үйретеді екен. Үйірме, факультатив сабақ деңгейінде өтеді деп жүрек, сөйтсек, енді 12 жылдыққа көшіп жатқан мектеп бағдарламасында міндетті пән қатарына қосылыпты. Және 1 сыныптан бастап, мектепті бітіргенге дейін. Мектебі былай тұрсын, орта және жоғарғы оқу орындарына да «өзін-өзі тану» міндетті. Тіпті, бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары классификаторына «әлеументтік педагогика және өзін-өзітану» деген мамандық болады болашақта.
Аталған пәнді оқытуға дайындықта жаман емес: бірінші ханымның бастамасы болғасын ба, әлде, шынымен өскелең ұрпақ үшін маңызы зор ма – келер екі жылға арналған мемлекет бюджетінде миллиард жарым теңге мектептерге осы пәннің керек жарағына алуға бөлінген екен. Салыстырмалы түрде айта кетейік, жаңа салынып жатқан мектепті немесе балабақшаны ұстау, аталған мерзім ішінде қазынаға 8,6 млрд. теңге көлемінде салмақ салады.
Әлгі ақшаға алынатын кітаптар да шығарылып қойыпты. Білім және Ғылым министрлігі оқушылардың «өзін-өзін тануы» үшін 34 оқулық һәм 106 оқу-әдістемелік құралын шығарып үлгеріпті. Бұған әдеби оқулықтың 30 аталымын тағы қосыңыз. Браво, Қансейт Жансейітұлы! Әттең, Сара Алпысқызы математикамен, не иновациялық технологиялармен әуестенгенде ғой…
Сонымен, «әлгі әдебиеттер» тізімі қандай дейсіз ғой?! ҚР Атазаңы, Білім беру (әлде, білім алу ма?) туралы заң, Бала құқығы туралы заң, сондай-ақ, Сары Алпысқызының 7 еңбегі, Нұрсұлтан Әбішұлының 3 еңбегі және Порфирий Ивановтың бір туындысы. Тоқта! Бұл «Самопознаниенің» түп-төркіні әлгі қауғасақал шалдың шығарған ілімі ме? Әй, ол сектант қой. Жоқ, тіпті, сектаның негізін қалаушы. Ия, орыс сектанушысы Александр Дворкин де «Иваношыларды» сектант дейді, өйткені, Иванов ілімі діни-мистикалық культпен реңдес екен. Ғалым, сөзінің айғағын Иванов ілімінің «Детка» атты тезистік бағдарламасынан табуға болады деп отыр. Және айтқаны, Иванов өзін жердегі Құдай, Халық Ұстазы санапты.
Осы жолы «шешесс» десем, орынды шығар, а?!

Written by nurbergen_maqym

Наурыз 2, 2010 at 11:47 тк

5 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ёбанэ стыд!

    Gastarbaiter

    Наурыз 3, 2010 at 1:06 тд

  2. Дурдом!

    urimtal

    Наурыз 4, 2010 at 2:49 тд

  3. Ұрқия себе!

    Тупак Амару

    Наурыз 4, 2010 at 11:15 тк

  4. даа уж инновациямен әуестенгенде пайдалырақ болар ед:))) Профирий Ивановқа қарсылығым жоқ вот ана өз өзін танудың негіздерін алған Саид Бабаның ілімі..

    altygradus

    Наурыз 13, 2010 at 3:28 тд

  5. Балалар сонша жылдар «өздерін өздері әбден танып алса» сосын басқаны танымай кететін шығар?

    Нұргүл

    Сәуір 28, 2010 at 4:46 тк


Пікір қалдыру